• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Маусым, 2017

Қазақстанның тағы бір тарихи белесі

123 рет
көрсетілді

Батыс пен Шығыс өрке­ни­етін жалғастырған алтын көпір атан­ған ару Астана өзінің тарих сахнасында салтанат құрған 20 жыл ғұмырында талай-талай аламан бәйгелерге ат қосып, талай-талай биік­тер­ді бағындырды.

Міне, бү­гін тағы да төрткүл дүние тү­гел Астанаға көз тігіп, адам­­зат ақыл-ойының тама­ша жетістіктерінің бірі – ЭКСПО-2017 халықаралық ма­­мандандырылған көр­ме­сі­нің салтанатты ашылу рә­сі­­міне куә болып отыр. Бей­біт­шіліксүйгіш барша әлем асыға күткен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін ашу­дың салтанатты рәсіміне Астана Саммитіне келген Шан­хай ынтымақтастық ұй­ы­мы­­на қатысушы мемлекеттер бас­­­шыларының қатысуының да символдық маңызы бар.  Бүкіләлемдік жетістіктер көр­­­месін ұйымдастырудың 165 жылдан астам тарихында Орталық Азия аймағы, тіпті ТМД мемлекеттерінің еш­қайсысында да ЭКСПО жа­лауы желбіреп көрген жоқ. Осыдан тура төрт жыл бұрын Парижде өт­кен аламан бәйгенің нә­ти­же­сінде бұл құрметке тарихта тұң­ғыш рет тәуелсіз Қазақстан ие болды. Бұл – Елбасы, әлемдік дәрежедегі дарабоз саясаткер Нұрсұлтан Назарбаев­тың ха­лықаралық арена­дағы үлкен беделінің арқасы екен­дігі даусыз. Парижден жеткен сүйін­ші хабардан кейін егемен елі­міз үшін ғасыр сынына айнал­ған осы бір жаһандық шараны өт­кізу дайындығына Мемлекет басшысының бастамасымен барша қазақстандықтар жұмыла кірі­сіп кетті. Жауапкершілігі зор жа­һандық шараны өткізудің ауқымды жұмыстарын атқаруда Алатаудан Арқаға, Алтайдан Атырауға дейінгі созылып жат­қан еліміздің барлық өңірлері бір кісідей жұмылып, ерекше ұйымшылдық танытты. Со­дан бергі өткен төрт жыл ішін­де елорда аумағында қай­та­ланбас сәулет өнерлерінің жау­һарларынан тұратын тұ­тас бір инно­вациялық қала тұр­ғы­зыл­ды. Соның ішінде жалпы көлемі 80 метрді құрайтын, биіктігі 100 метр әлемде теңдесі жоқ бірден-бір шар тәріздес ғимарат – Нұр-Әлем ұлттық павильонын айтудың өзі неге тұрады. Астана ЭКСПО-2017-нің бас­ты ұраны – «Болашақтың энергиясы». Бүгінде бұл бүкіл саналы адамзатты толғандырып отырған түйінді мәселе екендігі де даусыз. Ендеше, егемен еліміздің елордасынан бүкіл әлемді алаңдатқан толғақты тақырыптардың ше­шімі тарқатылады. Сондықтан да төрткүл дүниенің төрт құ­бы­ла­сындағы барлық сана­лы адамзат өкілдері Ұлы Да­ла­ның бел ортасындағы ару Астанада желбіреген ЭКСПО-2017 көрме­сінің ақ ту­ына асқақ үмітпен қарайды. Со­нымен, қос ғасырлық та­рихы бар әлемдік айтулы шара – ЭКСПО-2017 халықаралық ма­ман­дандырылған көрмесі өз жұмысын бастады. Іске сәт!  Газетіміздің бүгінгі нө­мі­рін­де осы айтулы оқиғаға бай­ланыс­ты өңірлерден жеткен материалдар топтамасын оқыр­мандар назарына ұсынып отыр­мыз.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»