• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Маусым, 2017

Маңғыстаулықтар үлесі

165 рет
көрсетілді

ЭКСПО-2017 халықаралық маман­дан­дырылған көрмесі аясындағы өңір­лердің мәдениет күндері кестесіне сәй­кес, Маң­ғыстау облысының мәдениет күн­дері 15-18 та­мыз аралығында өтеді. Маң­ғыс­тауда ар­найы облыстық іс-шара­лар жоспары бекі­тіліп, штаб құрылды. 

Көрме аясында концерттік бағдар­ла­малар, қолданбалы қолөнер, киіз үй­лер көр­месі, театр қойылымдары, жыр кеші, Есен­ғали Раушановтың шығар­ма­шылық ке­шін өткізу жоспарланған. Сон­дай-ақ, 10-20 та­мыз аралығында этноауыл аумағында орнатылатын 2 киіз үй об­лыстық мұражайлар қоры есебінен жаб­дықталып, туындыларын сатуға, шеберлік сабақтар өткізуге 20 қол­өнер шебері қатысады.  Ассамблея хатшылығының ұйымдас­ты­­руымен 120 қатысушысы бар 15 шара «Арай» саябағында өтсе, 7 шара этноауыл ай­ма­­ғында, 6 шара «Жерұйық» саябағында, 6 ша­ра «Студенттер» саябағында, 6 шара «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда, 6 шара қала әкімдігі ғимараты алдын­дағы алаңда, 2 шара М.Горький атындағы мем­лекеттік академиялық орыс драма театрында, 1 шара қуыршақ театрында, С.Адайдың шы­ғармашылық кеші «Шабыт» сарайында, Маңғыстаудың дәстүрлі ән-күй-жыр саздарының концерті конгресс-холлда өтеді деп белгіленген.  Мәдениет күніне облыстан көркем­өнер­паздардан, кәсіби ұжымдар мен әртістерден құралған барлығы 447 адам қатыспақ. Қазіргі таңда өнерпаздар үшін 247 бюджет есебінен, 36 демеушілер есебінен 273 жаңа киімдер тігіліп, жаңа бағдарламалар жасақталуда. Қазіргі таңда 31 кәсіпорын, сонымен қа­тар, мекемелер мен ұйымдар, 5 аудан және Ақтау қаласы әкімдіктерінен 37695 адам, оның ішінде 5328 бала ЭКСПО-2017 көр­ме­сіне қатысқалы отыр.  Маңғыстаулықтардың алғашқы легі ЭКСПО-2017 көрмесіне қонақ ретінде аттанып кетті.    

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы