• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Маусым, 2017

Алматыда ХҚКО түн ортасына дейін жұмыс істейді

119 рет
көрсетілді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы тың жобаны қолға алды. Енді, жұмыстан шыға алмай, қажетті құжатын ала алмаған алматылықтар оны түн ортасына дейін барып алса болады. Ал сенбі күнгі жұмыс кестесі таңғы сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін болады.

Пилоттық жоба осыған дейін Астанадағы Сауран, 7 мекенжайында орналасқан ХҚКО-да қолға алынған болатын. Енді Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары Жандосов көшесі, 51 мекенжайында орналасқан Әуезов аудандық ХҚКО-да мемлекеттік қызметтерді таңғы сағат 8-ден түн ортасына дейін ала алады. Сонымен қатар, басқа ХҚКО-ға барып, белгілі бір қызметке құжаттарын тапсырып, нәтижесін алуға үлгермейтін азаматтар өтініш жазып,  оны да осы мекенжайындағы ХҚКО-да сағат 7-ден 00.00-ге дейін алуларына болады. Пилоттық жоба 31 тамызға дейін жалғасады. Түнгі уақытта бұл ХҚКО-ға келушілер саны артқан жағдайда, Қазақстанның басқа өңірлерінде де осындай жұмыс кестесімен ХҚКО-ларды ашу нұсқасы қарастырылады.

Айта кетейік, бұл Үкіметтің мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдетуге бағытталған бірінші жобасы емес. Мемлекеттік корпорация наурыз айында есту және сөйлеу қабілеті төмен клиенттерге қызмет көрсету үшін онлайн сурдо аударма қызметін, дайын құжаттарды үйге жеткізу жаңа сервисін іске қосты, сондай-ақ наурыз айынан бастап қазақстандықтарға мемлекеттік көрсетілген қызметтердің нәтижесі туралы смс-хабарлама түсіп тұрады.

Бағашар ТҰРСЫНБАЙЛЫ, «Егемен Қазақстан»