• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Маусым, 2017

Астанада араб мемлекеттері, Еуропа және ТМД елдеріне арналған Аймақтық форум өтті

349 рет
көрсетілді

Араб, Еуропа және ТМД мемлекеттері кіретін 40 елдің Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығы бойынша ұлттық үйлестіруші орталықтары мен даму саласындағы институттар өкілдері өзара байланыс орнатудың Аймақтық форумына жиналды.

Тараптар Астана экономикалық форумы - 2017  аясында ұсынылған тұғырнамада Оңтүстік-Оңтүстік және Үш жақты ынтымақтастықтың әріптестік мәселерін талқылап, оның ішінде «жасыл» экономика бойынша ынтымақтастықты дамытуға баса назар салды.

Форум жұмысына ҚР Ұлттық экономика министрлігі, БҰҰ Даму Бағдарламасының Еуропа, ТМД және Еуропа елдері бойынша аймақтық Бюросы, БҰҰ Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығы бойынша Басқарма, Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб,  Ислам даму банкі, Ислам елдеріне арналған Статистикалық, экономикалық және әлеуметтік зерттеулер институты жетекшілері мен басқа да халықаралық ұйымдардың жоғарғы лауазымды тұлғалары қатысты.

Форумды ҚР Ұлттық экономика министрі орынбасары Ернар Бакенов, Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабы басқарушы комитет төрағасы Алихан Байменов және бірқатар халықаралық ұйым өкілдері ашты.

“ Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабы Қазақстан үкіметі мен БҰҰ Даму Бағдарламасының алдыңғы қатарлы бастамасы бола отырып, құрылғаннан бастап, әріптестікке, мемлекеттік қызмет саласындағы әлеуетті арттыруға,  «тең теңімен» қағидаты бойынша оқытуға бағытталған, күн тәртібі икемді әрі азаматтар сұранысын бағдар тұтатын көпжақты тұғырнама ретінде мәлім,» - деді Алихан Байменов.

БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰ Даму бағдарламасы Еуропа және ТМД елдері бойынша Аймақтық бюро директоры Джихан Сұлтаноглу бағдарламалық сөз сөйлеп, Еуропа және ТМД елдеріндегі адам ресурстарының тұрақты дамуы саласын ілгерілетудегі Оңтүстік-Оңтүстік және үшжақты ынтымақтастық туралы бірінші аймақтық есебімен таныстырды.  

Форум барысында аймақтық ынтымақтасты нығайту бойынша нақты механизмдер ұсынылып, Оңтүстік-Оңтүстік бағытында білім және технологиялар алмасуда жеке секторды тартудың жолдары кеңірек қарастырылды.