• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Бизнес 16 Маусым, 2017

Қазақстан нарығында алыпсатарлар басым

131 рет
көрсетілді

Инфляциямен күрестің салдарынан бәсекегеқабілеттілік төмендейді, себебі инвестиция болмайды. Ал бәсекегеқабілеттілік валютаның құнсыздануына әкеледі де, инфляция толқынын тудырады.

Бұл туралы Астана экономикалық форумы аясында өткен «Орта кірістің тұзағы»: Қазақстан үшін мәселе» атты панельдік сессияда Ресей ғылым академиясының академигі Сергей Глазьев айтты, деп хабарлайды Аbctv.kz.

Оның сөзінше, бұл саясаттың бенфициары – қаржы алыпсатарлары. Еркін айнылымдағы теңге бағамы арқылы инфляциямен күресу қисынсыз шаруа.

«Қазақстан нарығында алыпсатарлар басым болып тұр. Ресей нарығында валютаны сату-сатып алу бойынша келісімнің 90%-ы алыпсатарлармен жасалады. Егер Орталық банк валюта бағамын реттеумен айналыспайтын болса, онда бағамды алыпсатарлар қалыптастырады. Олар валюта бағамын айла-шарғы арқылы, яғни оны біресе түсіріп, біресе көтеріп, пайда табады. Осындай жағдайда валюта бағамын ұстап тұру үшін ОБ жоғары пайыздық мөлшерлемені, құнды қағаздардың жоғары табыстылығын ұстап тұруға мәжбүр», – деді Сергей Глазьев.

Сөз арасында ол қаржы-алыпсатарлық көбік қолдан жасалатынын айтты.

«Шетелдің алыпсатарлары табысты санай бастағанда, нарықтан керри трейд келе бастайды, ақыр соңында мұның барлығы қаржы нарығының құлдырауына, валютаның құнсыздануына және жаңа инфляциялық толқынның пайда болуына алып келеді. Өкінішке қарай, бұл саясат халықаралық алыпсатарлар қауымдастығынан қолдау тауып отыр. Олар осы саясатты үнемі мақтай жөнеледі. Тіпті осыны жасағандарға ең үздік банкир атағы берілуде. Ал экономика үшін бұл үлкен күйреу», – деді Ресей ғылым академиясының академигі.