Ертең Астана қаласындағы «Жастар» сарайында жұмыспен қамту орталығы бос орындар жәрмеңкесін өткізеді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Шараға 1000-нан астам жұмыс орындарын ұсынатын 60 жұмыс беруші шақыртылған.
Сағат 10:00-де орталықтың қызметкерлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бағдарламасының аясында «Өзіңнің әлеуметтік мәртебеңді біл!» атты флэшмоб ұйымдастырады.
Өткізу орны: «Жастар» сарайы, Республика даңғылы, 34.