• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Үкімет 22 Маусым, 2017

Ынтымақтастық мәселелері талқыланған кездесулер

121 рет
көрсетілді

Бақытжан Сағынтаев «JPMorgan Chase» басқарушы директоры Я. Тав­ровскиймен қаржылық ынты­мақ­тастық мәселелері бойынша кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің бас­пасөз қызметі.

Кездесу аясында қазынашылық операциялар саласындағы қызметтер мен инвестициялық банкингті дамыту, «JPMorgan Chase» қызметінің қазіргі жағдайы мен Қазақстанда жүргізетін жұмыстарының алдағы жоспарлары қаралды. Я.Тавровский Үкіметте қабылданып жатқан шаралар, солардың ішінде, жекешелендіру үдерісі Қазақстан нарығының инвестициялар салуға тартымдылығын арттыруға оң әсер етіп жатқанын айтып өтті. Бұдан өзге, тараптар «Астана» халық­аралық қаржы орталығы аясындағы ынты­мақ­тастық мәселелерін талқылады. * * * Бақытжан Сағынтаев мұнай-газ секторын технологиялық жаңғыртуды «Шеврон» вице-президентімен талқылады.  Тараптар аталған жоба Қазақстан эконо­микасының тұрақты дамуына, сондай-ақ ТШО-ның барлық серіктестеріне оң муль­типликативті әсер беретінін атап өтті. «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында бекітілген Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында мұнай-газ секторын технологиялық жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар, тараптар Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесін талқылады. * * * Бақытжан Сағынтаев Polpharma өкілімен фармацевтикалық ынтымақтастықты дамыту келешегін талқылады.  Кездесу барысында Е.Старак Polpharma S.A. компаниясының Қазақстанда жүргізетін жұмыстарының алдағы жоспарлары туралы айтты. Тараптар фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мен оған қолдау көрсету мәселелерін талқылады.