• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Парламент 26 Маусым, 2017

Сенат Төрағасының орынбасары Финляндия Республикасы Парламентінің депутатымен кездесті

124 рет
көрсетілді

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Б.Бекназаров Финляндияның Қазақстанмен парламенттік ынтымақтастық тобының мүшесі Ээро Хейнялуомамен кездесті.

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Б.Бекназаровтың Финляндия Республикасы Парламентінің депутаты, Қазақстанмен парламенттік ынтымақтастық тобының мүшесі Ээро Хейнялуомамен кездесуінде екі елдің парламентаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Парламентшілердің кездесуі «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесін өткізу аясында өтті.

Ээро Хейнялуома Қазақстан павильонында болып, Б.Бекназаровпен  ЭКСПО туралы оң әсерлерімен бөлісті. «Біз өте үлкен әсер алдық. Ғажап павильон, сіздер көрме өткізуге ауқымды жұмыстар атқарыпсыздар» , - деді ол.

Сенат вице-спикері Финляндияға халықаралық ЭКСПО көрмесін өткізуге арналған конкурста және 2017-2018 жылдарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелерін сайлауда Қазақстанның кандидатурасын қолдағаны үшін алғысын білдірді.

«Мүмкіндікті пайдалана отырып, Сізді және Суомидің барлық тұрғындарын алдағы мерекеленетін ел тәуелсіздігінің 100 жылдығымен құттықтаймын. Сіздер ғасырды экономикасы дамыған және халқының өмір сүру деңгейі жоғары мемлекет ретінде еңсеріп келесіздер» -, деді Б.Бекназаров.

Тараптар сондай-ақ парламентаралық ынтымақтастықты, гуманитарлық әрекеттестіктерді және экономикалық әріптестікті тереңдету перспективаларын талқылады.