Велоспорт бойынша жылдың бас бәсекесі бірінші шілдеде германияның Дюссельдорф қаласынан бастау алады.
Қазақстандық «Астана» велоспорт клубы биылғы жарысқа тоғыз велошабандозды қатыстырмақ. Олардың төртеуі қазақстандық спортшы.
«Тур де Франс-2017» турниріне қатысатын «Астана» клубының құрамы: Бақтияр Қожатаев, Алексей Луценко, Андрей Зейц, Дмитрий Груздев (бәрі – Қазақстан),Фабио Ару, Дарио Катальдо (екеуі де – Италия), Якоб Фульсанг, Михаэль Вальгрен (екеуі де – Дания) және Андрей Гривко (Украина).
Биылғы жарыс 21 кезеңнен тұрады. Оның тоғызы тегіс жолда, бес кезең орта таулы және бес таулы кезең болады. Екі кезең жекелей бәсеке болса, соңғы «достық» кезеңімен турнир 23 шілде күні аяқталады. Сондай-ақ, арада екі күн спортшыларға демалыс беріледі.