• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Маусым, 2017

Жергілікті полицияға - 50 жаңа көлік

306 рет
көрсетілді

Атырауда Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Қоғамдық тәртіп пен тыныштықты қамтамасыз етіп жүрген ішкі істер органы қызметкерлері мен сала ардагерлері мерекелік кешке құрметті қонақ болып келді.

«Елбасының сарабдал саясатының нәтижесінде еліміз әлемдік қауымдастықта өзінің айшықты орнын алып отыр. 25 жыл ішінде Қазақстанға, өңірге ғана емес, бүкіл әлемге ықпал ететін шешімдер қабылданды. Полиция қызметкерлері де тәуелсіздіктің жемісін, жеңісін қорғап, Елбасы – Жоғарғы бас қолбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазақстандықтардың тыныштығын сақтау, қауіпсіздікті, тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын абыройлы атқарып келе жатыр, – деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

Шара барысында жұмыстарында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген полиция қызметкерлері марапатталды. Жұбайдолла Дауешовке полиция полковнигі арнайы атағы, Андрей Карабасовқа мерзімінен бұрын полиция полковнигі арнаулы атағы, Ринат Икласов пен Рауан Қасымжановқа мерзімінен бұрын полиция подполковнигі шендері берілді. Мерекелік кеште полиция қызметкерлері де өнерлерін ортаға салды.

Бұл күні, сондай-ақ,  Атырау облысы ішкі істер департаменті балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес жөніндегі полиция бөлімінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Енді арнайы даярлық басқармасы да осы ғимаратта жұмыс істейді. Полиция қызметкерлерінің оқу жаттығуы үшін барлық жағдай жасалған жаңа нысанды аймақ басшысы аралап көрді. Ғимараттың алдындағы жағалауда су полициясының суда жүзу құрылғылары мен көліктерінің тұрағы ұйымдастырылған.

Кәсіби мерекеге орай жергілікті полиция қызметіне 50-ге жуық автокөліктің кілті табыс етілді.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан».

АТЫРАУ.