• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Маусым, 2017

Мажарстан Халықаралық Түркі академиясына бақылаушы мәртебесін алуға өтініш берді

243 рет
көрсетілді

Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымына (TWESCO) арнайы келген Венгрияның Сыртқы сауда және Сыртқы істер министрі Петер Сийярто мырза Мажарстанның Академияға толық құқылы бақылаушы мәртебесін алу үшін ресми өтінім берді.

Министр бастаған делегация құрамында Сыртқы сауда және Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Иштван Микола, мемлекеттік хатшының орынбасары Жолт Чутора, Венгрия СССІМ-нің Орталық және Шығыс Еуропа елдері мен Орталық Азия елдері департаментінің директоры Виктор Седеркени, Венгрияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Андраш Барани, сонымен бірге Қазақстанның Венгриядағы төтенше және өкілетті елшісі Рүстем Нұрбах болды.

Мәртебелі меймандарды Академия басшысы Дархан Қыдырәлі қарсы алып, ұйымның қызметі мен тарихы жайлы жан-жақты мәлімет берді.

TWESCO-ның көшпелі өркениет пен лотақ құндылықтарды зерттеп, зерделеудегі маңызын ерекше атап өткен министр Академияның жұмысын жоғары бағалады.

Кездесуде тараптар екіжақты ғылыми ынтымақтастықты одан ары дамытып, келешекте бірлескен жобалар жүргізуге уағдаласты. Мажарстан мен Академия арасында қалыптасқан серіктестік нәтижесінде жүзеге асырылған жобалар жөнінде де айтылды. Сонымен қатар Мажарстан Ұлттық Ғылым академиясымен арадағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері де сөз болды.

Айта кету керек, Халықаралық Түркі академиясы Түркі әлемінің ынтымақтастық институттары арасында бақылаушы мәртебесіне өтініш қабылдаған алғашқы ұйым.