• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Маусым, 2017

Сәулелі сана жақсылыққа бастайды

259 рет
көрсетілді

Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық беле­сінің негізгі түйіні ел дамуының басты бес идеологиясына сүйенді. Олар: Бостандық, Бірлік, Тұрақтылық, Жасам­паздық және Өркендеу. Мен бұл он өзгешелікті неге тіздім дегенге келер болсам, ел тірегі болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кемел еңбегін, ақыл-парасатын көрсету еді. Бұл ұлы оқиғалар, ұлы еңбек емес пе?! БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сес­сия­сында «Қазақстанның Жаһандық Стра­те­гиялық Бастама-2045» жос­парын жасау бастамасы жария етілді. Бұл жоспар соғыстар мен жан­жал­дар­дың түбегейлі себептерін жоюды көздейді. Қазақстан Орталық Азия ел­дердің ішінде бірінші болып н­арық­тық эко­но­микалық мемлекет ре­тін­де танылды. Қайталап айтамын, бұл да Мемлекет басшысының көрегендігінің арқасында жүзеге асып отыр.

Қазақ елінің дербес ел болып же­тіл­генін, өркендегенін мақтанышпен кеу­десін кере айта алатын қазақ ұрпағы бүгін қалыптасты. Тәуелсіздігіміздің аз уа­қыт ішіндегі қол жеткізген теңдес­сіз табыстары, біріншіден, әлем картасында болмаған мемлекет – Тәуелсіз Қазақстан құрылды, мемлекеттік шека­рамыз халықаралық деңгейде бекіті­ліп, мемлекеттік басқарудың Конс­титуция негізінде жұмыс істеп тұр­ған тиімді жүйесі құрылып, заманауи Қарулы Күштер мен құқық қор­ғау жүйесіне ие болдық. Екінші – Әнұра­ны­мызды дүниежүзінің көгінде әуе­леттік, Елтаңбамызды мәңгілік мөрге ай­налдырдық, төл теңгемізді енгізіп, мемлекеттік тілімізді әлемнің ең биік мінбе­лерінен сөйлеттік. Сонымен қатар, Қазақстан – ынтымақтастықтың бар­лық мәселелері бойынша жауапкер­ші­лікті әріптес болып табылады. Үшінші – жетекші халықаралық сарап­шы­лардың пікірі бойынша, еліміз әлем­ге Қазақстанның «Экономикалық ғажайы­бының» жарқын үлгісін көрсетті. Атап айтар болсақ: Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингі бойынша, Қа­зақстан бір жылда 51-орыннан 35 – орынға секірді; әлемдік энергети­ка сала­сын­дағы соңғы 50 жылда болған ірі оқи­ғаның бірі ол – Қашаған мұнай және газ кенішінің іске қосылуы. Төртінші – «Мен – Қазақстандықпын, бұл – ме­нің елім, мен мұнда бақытымды таптым!» – деп айта алатын әділетті мемле­кеттік қоғамды орнаттық. Бесінші – Астана-планетамызда XXI ғасырда фан­тас­тикалық пайда болған бірінші елорда болды. Алтыншы – экономи­калық ғажайыптың арқасында қазақстан­дық­тардың әл-ауқаты жақсарды; кедейшілік шегінде өмір сүріп жатқан тұрғындардың үлесі 12,5 есеге, яғни 2,5 пайызға дейін азайды; жұмыссыздық 2,6 есеге қысқарды; орта есеппен соңғы 5 жылда 270 мың жаңа жұмыс орны ашылды; орта есеппен еңбекақы мен зейнетақы 10 еседен астамға ұлғайып, ауылды көтерудің ауқымды бағдарламасы жүзеге асырылып ауылдықтардың тұрмыс деңгейі өсті; тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі саясаттың арқасында 1 мил­лионнан астам отбасының баспана жағдайы жақсарды; еліміз бойынша 2700-ден астам балабақша мен жекеменшік шағын орталықтар ашылып, еліміздің түпкір-түпкірінде 1350 мектеп жаңадан бой көтерді. Жетінші – әлемдік деңгейдегі Назарбаев Университет білікті де білімді алғашқы мамандарын дайындап шығарды; барлық өңірлерде 20 зияткерлік мектеп ашылды; «Болашақ» бағдарламасы аясында 12 мың жас өренге әлемнің ең беделді жоғары оқу орындарында білім алуға стипендия берілді. Сегізінші – осы уақытта 1300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып, олар ең заманауи құралдармен жабдықталды; біздің еліміз жасанды жүрек трансплантациясының үздік әдісін енгізді. Тоғызыншы – бүгінде Арме­ния, Беларусь, Қырғызстан және Ресеймен бірге Еуразиялық эко­но­микалық одақ­қа қатысуда; әлемнің ондаған мемле­кеті Еу­разиялық экономикалық одақ­пен, соның ішінде еркін сауда аймағын құру арқылы ынтымақтастықты қалып­тастырды. Еуразиялық интеграцияның маңызды аспектілері АӨСШК және Шан­хай ынтымақтастық ұйымы сияқты әлемдік деңгейде бұрын-соңды болма­ған ұйымдар құрылды. Оныншы – әлем­дік жетек­ші саясаткерлер мен халық­аралық сарап­шылар Қазақстанды жаһан­­дық антиядролық қозғалыстың көш­­басшысы және жүйелі бітім­герші ретінде мойындайды. Қазақстанның Тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап-ақ бүкіл әлемді қамтитын идеялар жарық көруде. Ядролық арсеналдан бас тартып, Семейдегі ядролық сынақ полигоны жабылды. Осы оқиғамен байланыс­ты атау­лы күн бүкіл әлемде Ядролық сы­нақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні ретінде аталып өтеді.

Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық беле­сінің негізгі түйіні ел дамуының бас­ты бес идеологиясына сүйенді. Олар: Бостандық, Бірлік, Тұрақтылық, Жасам­паздық және Өркендеу.

Мен бұл он өзгешелікті неге тіздім дегенге келер болсам, ел тірегі болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кемел еңбегін, ақыл-парасатын көрсету еді. Бұл ұлы оқиғалар, ұлы еңбек емес пе?!

Мемлекет басшысы 5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындаудың тәжірибелік кезеңі басталғанын халыққа жария етті. Бұл аса маңызды құжатта кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрия­ландыру және экономикалық өсім, біртектілік пен бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру сияқты бес инс­ти­тутционалды реформа белгіленген. Бұл ре­фор­маларда біздің еліміз алға қойған негізгі мақсаты – Қазақстанды әлемнің ең озық 30 елінің қатарына қосу механизмдері белгіленген.

Бүгінгі таңда Қазақстан – 70-тен ас­там халықаралық ұйымдарға мүше. Елі­міз­дің аса ықпалды халықаралық ұйым­дар – Еуропадағы қауіпсіздік және ын­ты­мақтастық ұйымы мен Ислам Ын­ты­мақ­тас­тығы Ұйымына төраға­лық етуі – Қазақ­станның жоға­­ры беделін айғақтайды.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сес­сия­сында «Қазақстанның Жаһандық Стра­те­гиялық Бастама-2045» жос­парын жасау бастамасы жария етілді. Бұл жоспар соғыстар мен жан­жал­дар­дың түбегейлі себептерін жоюды көздейді. Қа­зақстан Орталық Азия ел­дердің ішін­де бірінші болып н­арық­тық эко­но­ми­калық мемлекет ре­тін­де танылды. Қай­талап айтамын, бұл да Мемлекет бас­шысының көрегендігінің арқасында жүзеге асып отыр.

Біз ендігі әңгімені рухани жаңғы­руға қарай бұрсақ дейміз. Ата-баба­ла­ры­мыздың армандаған сонау ғасырлар қойнауында Күлтегін идеясының негізінде жазылған «Мәңгілік Ел» ұғы­мын жалпыұлттық идеяға айналдырып, елдігіміздің XV ғасырлық тамырына нәр бердік, мәңгі жасыл етіп гүлдендірдік. Осынау ар­шынды қадамдардың баршасы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев­тың сындарлы саясатының ар­қа­­сында Қазақстанды «Мәңгілік Елге» ай­нал­дырудағы абыройлы істерді «Ұлы Дала» елінің келешегін кеңейте түсетіні ақиқат.

Осы жоғарыда айтылған ұлы табыс­тарды жалғастырып, дамытып соны халықтың бойына сіңіру мақсатында Елбасы Қазақ елінің мәңгілік болуына, оның іргетасын қалаған табыстарын әрі қарай дамытуда қазақ халқына мынадай жолдау арнады:

Бірінші – рухани жаңғыру; екінші – туған жер; үшінші – сана; төртінші – прагматизм; бесінші – «Нұрлы жол».

Елбасы болашаққа бағдар ретінде «Рухани жаңғыру» идеясын ортаға салды. Ұлт рухының арқауы неде? Кейін­гі жастардың түсінбеуі, оны ру­хани жаң­ғыруды білмеуі жайлы ақпарат­­тық жүйе­де жеткілікті деңгейде жеткі­зіл­меген.

Туған жердің ерекшелігін көрсе­ту, әдет-ғұрыпты жаңғырту ақпарат көз­дер­інде жиі көтеріледі, оның жаңғы­руы деген не? Өркендеген елдердегі ақыл-ой иесінің жоғары сатысындағы қалып­тасқан дәстүр.

«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран». Жал­пы, ұлттық идея қандай уақытта дамиды? Ұлтты кемсітуден ұлттық рух оянып, ұлттық сезім пайда болады. На­мыс­сыздықпен күн кешіп, 300 жыл Ресей­дің қол астында болдық. На­мысты туындататын, оны қозғайтын әсер бол­майынша, қалыптасқан ой-сана кейінгі ұр­паққа рухани азық бола алмайды. Біз­дің ойшылдарымыз, абыздарымыз ой-сананың дамуына ықпал етіп, жаңа­лық ашуға итермелеген. Ол жас­тарды ылғи да зұлымдықпен күре­суге, оны өзгертуге, жаңартуға бағыт­таған. Оны өзінің болашақ өміріне пай­далана білуіне жол сілтеген. Қазір сананың ой-өрісі қатты дамыған. Тіпті, сананың тоқырау кезінің дәлелі ретінде ғылыми-техникалық прогрестің тууына әкелген. Әрқашанда сананың дамы­ған кезінде адамдардың әлеуметтік дең­гей­дегі бүгінгі болып жатқан келеңсіз соғыс­тардың шешімін табуға, соғыспен емес ке­лісіммен адамның санасының келісуі­мен ұштастыра білу керек. Сана осы арқылы келеңсіздікті жеңе білуге ұм­тылады. Мысалы, әлемдегі болып жат­қан түрлі оқиғалар түсінікті жеткі­зіліп, білімнің негізіне сүйене отырып шешілуі тиіс. Сирия мәселесін шешу­дің жолын табуда, бір келісімге келті­ру мақсатында Астанада үш рет бас қосу болды. Мұндағы басты тұжырым қазақ­тың ерте кездің өзінде ел аралық дауды ор­тақ келісіммен шешкенін аңғарту болса керек.

Сананың ең жетілген түрі – ортақ ке­лі­сімге келу. Сана әрқашанда білік­тілік­тен, білімділіктен дамып өрбиді. Кез кел­ген ғылым саласының ойшылдары, сананың жетілуіне үлес қосқан.

Сананың өзгерісі мынада: біз әлемдік деңгейдегі елдермен қарым-қатынас жасауда томаға тұйық өз тіліміздің аясында да басқа елдермен қатынас жасауымызға да болар еді. Бірақ дамыған елдердің экономикалық терминдері ағылшын тілінде болғандықтан көп мемлекеттер сауда-саттықтың, өндірістік қарым-қатынастың барлығын да ағылшын тілінде жүргізіп отыр. Дегенмен, олар өзіндік ұлттық ерекшелігін де сақтай білгенін айта кетейік.

Қазақтың бір кезде қолдану аясынан шығып қалған латын әріпі болашақ жастардың негізгі қоры болып табылатын идеяның қайта тууы, сонымен бірге ұлттық санамызды жаңғырта отырып, елдің өзгеруіне үлкен жол ашары хақ. Соның айғағы ретінде біз томаға-тұйықтан құтылып, әлемдік деңгейдегі дамыған елдердің жаңалығын алып игеруге болады. Сол көп тілділікті игере отырып, соның ішінде ағылшын тіліне басымдық берілді. Бұл Елбасының осы мақаласында айтылған, кез-кел­ген дамыған елдің техникасының, ғылы­мының, сауда қарым-қатынасының теті­гін білу үшін ағылшын тілін меңгеруіміз – міндет.

Осындай жағдайда біздің де өзіміздің ұлттық ерекшелігімізді сақтай отырып, шет елдермен экономикалық қатынаста сол елдің тілін білуге, үйренуге әсіресе техникалық прогрестің негізі ағылшын тілінде жатқандықтан ұғуымыз керек. Қазір білім және ғылым жүйесіне ағыл­шын тілін енгізу, сол сияқты ағылшын тілін саясат үшін емес, экономикалық дамудың дәрежесін анықтап, дамыту керектігі бүгінгі күннің талабынан туындап отыр. Әсіресе, бұл Мәңгілік ел болудың тұрақтылығын, экономикалық жетілуін, бәсекелестіктің түйінін шеше­тін бағыт. Бұған байланыс­ты Білім және ғылым министрлігі үлкен шаралар жүр­гізіп жатыр.

Жоғарыда айтылған идеялардың не­гізі өз еліңнің табиғи ерекшелігін, туған жердің қасиетін жеткізе отырып, киелі жеріңді мадақтауға мүмкіндік тудырды.

Білімнің дамуын қарапайымнан бас­тап, артынан күрделендіріп, жетілдіріп, жандандырып ұштастыра білу керек. Қазіргі жастардың неліктен мектеп оқулығын оқымайтыны мәселе бо­лып тұр. Отбасында кітап оқуды дәріп­теп қалыптастырудың орнына «iPad» «жұ­мыс» жасайды. Балалар өз бетімен оқып біліп, ұлттың өткен тарихын тануға, көне әдебиеттерді білуге тырыспайды.

Қазіргі кезде ой-санамызда, экономи­каның әр саласында қолданылатын тер­миндерді білмей, оның өсу жолдарын ескермей, жұмыс бір жақты қарас­ты­рыла­тынын жоққа шығара алмаймыз.

Нарықтық экономика дамуының заңдылықтары халыққа дұрыс насихат­талмау жағы да баршылық. Қалдық­сыз технологияны ұқсатуды үйренуді то­лық меңгере алмай келеміз, мысалы, Қа­зақстандағы жеңіл өнеркәсіптің құлдырауы керемет қазына қой­дың жүнін өңдейтін өнеркәсіп техно­ло­гияларының болмауы ойландырады. Бұл таза табиғи шикізатты тек өртеп жіберетін болдық. Нарықтық экономиканы жете түсінбегендіктен әрбір қожалықтағы шаруашылықтан түсетін пайда мен оның ұлттық экономиканы дамытудағы тигізетін әсерінде оңдыра алмай келеміз. Айталық, халықтың әлеу­меттік жағдайын көтеруге тигізетін пайдасы бір ғана сүттің өзінен алынатын өнім түрлерінің тиімділігін білетін әрбір қожалықта маманданған менеджерлер болу керек. Мысалы, түйеқұстан, етті-сүтті ірі қара малдан түсетін өнімдердің экономиканы дамытудағы рөлін білмей дамытуға болмайды. Ол халыққа, сол халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге не береді?

Көп жағдайда өнімнің өсімі ғана есептеледі. Ал оның болашағын, тұрақты дамуын ескермейді. Сөйтіп, жерді тоздырады, малдың жем-шөп қорын азайтады.

Мұны айтып отырған себебіміз, шетелдерге беретін тауарларымыздың сапасы жақсы болу керек. Мысалы, академик Т.Шарманов жетекшілігімен жылқы сүтінен әртүрлі өнімдер – балмұздақ, биоайран, биосүт, балаларға арналған сүт-ірімшік өнімдері жасалып, сатылуда және ол кеңінен насихатталуда. Бұл – сауда-саттық нарығының экономикалық жолы ашылады деген сөз.

Қазақстанда шығарылатын ауыл шаруашылығының, тамақ өнеркәсібінің өнімдерінің өзіндік құны өте жоғары. Халықты нарықтық экономикамен сауаттандыру керек. Елбасының «прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз» деп нақты аталып өткен.

Мен «Қазақ елі – мәңгілік ел» деп аталатын кітап жаздым. Еңбектің жа­зылу мақсаты «Жер тарихы – ел тари­хы» болғандықтан менің бүкіл ғылы­ми еңбегім Қазақ елі табиғатының қа­лып­тасуы мен тарихын зерттеуге арнал­ғандықтан, сонау көне дәуірден Қа­зақстан жері жайлы берілген мағлұ­маттарды жинақтап, оны Қазақ елінің қалыптасуы мен дамуымен байланыс­тыру. «Қазақ елі – мәңгілік ел» деген мұндай тарихи шешімге келуге еліміз­дің егемендік алуымен оның өткені мен бүгінгісі түгенделіп, іргетасының қа­лануы, әлемдік деңгейде мойындалуы, қа­зақ халқының өзіндік ұлттық дәре­же­сінің нығаюы мен индустриалды-әлеу­мет­тік жағдайы жақсарған өркениетті мем­­ле­кет­тердің қатарына жетуіміз тәуел­­сіз­дік жылдарында ғана қол жеткен ұлы табыс­тарымыз екені даусыз.

«Қазақ елі», «Мәңгілік Ел» деген атау­лардың мағынасы бір-бірімен маз­мұндас, бір елдің тағдырына байланысты ойларды жинақтап көрсететін ұғымдар. Ерте кезден-ақ сырт ел бізді «Қазақ елі» ретінде мойындағаны, солай атауды қалыптастырғаны тарихтан белгілі. Қазақ елін бұрын ешкім білмесе, бүгін әлем тағдырына қатысты мәселелер Елбасының қатысуынсыз шешілмейтін болғанын да көріп отырмыз.

Сарыарқа төрінде Астанада «Қазақ елі» деген монументтің қойылуы, «Мәң­гілік Ел» салтанатты қақпасы Пре­зиденттің сара саясатының түйіні секілді «Мәңгі қазақ елі» деген тұжы­рыммен астасып тұр емес пе?!

Елбасы Атырау қаласындағы зият­керлік мектептің оқушыларымен кездескенде, олармен әдемі әңгіме өткізді. Сондағы әңгімесінде зиялы қауым мен шенеуіктердің алдында да өзінің бұрыннан толғанып жүрген ойын ортаға салды. Жас буындарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, ата-анасын құрметтеу, кешегі өткен ел тұлғаларын жастардың бойына сіңіре отырып тәрбиелеуді алға тартты.

Кешегі өткенімізге үңілсек, Кеңес Үкіметі, кеңес халқы, кеңес қоғамындағы ұғымдар біздің елдерімізді біріктіріп келгенін білеміз. Бірақ оның уақыты өткен. Өткенді сараламай, болашаққа жоспар құруға болмайды. Себебі, Шың­ғыс Айтматов айтып кеткендей, ондай ел «мәңгүртке» айналып кетуі мүм­кін. Орыстар «Светая Русь» дейді, қыр­ғыз­дар «қасиетті Қырғыз елі» дейді. Қы­тай­ды «Аспанасты елі», Жапонияны – «Күн­шығыс елі» дейді». «Қазақ елі» ұғы­мы да осы тіркестермен үндесіп жатыр. Қазақ елі деген атау өзінің тарихи тамы­ры­мен ұштасып жатқандықтан, оны өте сәтті шешім деп бағалау керек секілді.

«Қазақ елі» деген атау халқымыздың сипатын ерекшелейтін бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың өсіп-өнуін көрсететін және олардың мақтанышына айналатын ұғым екенін дәлелдеді.

Еліміздің халық­ара­лық имид­жін жаңа сатыға көтеріп, Қазақ­­стан­да «жасыл» экономи­ка­ның өр­кен­деуіне жол сала­тын ЭКСПО-2017 халықаралық дең­­гейдегі көрме­сін өт­кізіп жатқанымыз Қа­зақстан үшін үлкен мәртебе болып табылады.

Бұл да Елбасының ерен еңбегі деп білемін. Иә, Қазақ елі мәңгілік елге айналып келеді. Тәңірім тіл-көзден сақтасын!

Әлия БЕЙСЕНОВА,

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің география және экология ғылыми-әдістемелік ортылығының меңгерушісі, география ғылымдарының докторы, профессор