Спикердің сөзінше, Университет өзінің ғылыми және инновациялық әлеуетін дамыту жұмыстарын жүзеге асыруда. «Назарбаев Университет» базасында Astana Business Campus инновациялық кластері құрылды. Бұл «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» 63 қадамына сәйкес еліміздің ғылымды қажетсінетін экономикасын қалыптастыруға негіз болады», деді Қанат Байғарин. Инновациялық кластердің мақсатына тоқталған вице-президент: «Ол озық технологиялар мен жобаларды трансферттеу және коммерцияландыру үшін ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет субъектілерін біріктіру, сондай-ақ, Қазақстанда инновациялық кәсіпкерлікті дамыту үшін алаңдар құру болып табылады», деді. Қ.Байғариннің мәліметінше, бүгінгі таңда Astana Business Campus инновациялық кластерінің базасында коммерцияландыру офисін, технопаркті және бизнес инкубаторды қамтитын жобаларды коммерцияландыру жүйесі құрылды. «Осы жүйе инновациялық жобаларды іске асыруға және нарыққа шығу жолын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», деп атап өтті ол. «Назарбаев Университет» ДББҰ Инновацияларды дамыту департаментінің аға менеджері Дамель Мектепбаева Astana Business Campus ғылым паркі құрамдас элементтерінің бірі болып табылатын биомедициналық кластер туралы айтып берді. «Биомедициналық кластер зият- керлік, қаржылық және материалдық-техникалық ресурстарды тиімді пайдалану есебінен биомедициналық зерттеулерді коммерцияландыру мен жоғары технологиялы бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған инновациялық экожүйе», деді ол.
Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан»