• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
08 Қазан, 2011

Жақсыдан шарапат

387 рет
көрсетілді

Кеше «Егемен Қазақстан» рес­пуб­ликалық газеті акционерлік қо­ғамының президенті Сауыт­бек Абдрахманов­ «Диалог Еуразия» плат­фор­масының Қазақстан­дағы үй­лес­тірушісі, «ДА» журна­лы­ның бас редакторы Салих Акчай мырза­мен кездесті. Қазақстанда 19 жыл бойы қыз­мет еткен Түрік Республика­сының бұл азаматы бауырлас халықтары­мыздың  жақындасуына өз деңг­е­йін­де елеулі үлес қосып жүрген жан. Оның еңбегі Елбасы тарапынан да жоғары баға­ла­нып, 2010 жылы журналис­тердің кә­сіби мерекесіне орай берілетін мара­пат­тардың қатарында оған Прези­дент­тің Алғысы жарияланған бола­тын. Осындай білікті, байсалды, жо­ға­ры мәдениетке ие азамат енді Бакудегі халықаралық Кавказ  университетіне басшылық қызметке ауысып отыр. «Егемен Қазақстанның» басшысы Сауытбек Абдрахманов Салих Акчай үйлестірушілік қызмет атқарған ке­зең­дегі «Диалог Еуразия» платфор­ма­сының қазақ­стан­дықтарды түрік бауыр­­лар­мен жақындастыру, Түр­кия­ны таныта түсу, екі ел ара­сындағы өз­ара түсініс­тік пен сыйлас­тықты да­мы­ту мақ­са­тын­да жасаған шаралары­на, Қазақ­стан туралы жаз­ған мате­риал­дарына ризашылық білдіріп, біз­дің елімізге байланысты талай мінберлерден айтқан оң пікірлеріне жоғары баға берді. «Соның ішінде сіз, – деп атап көрсетті акционерлік қоғамның президенті, – бірнеше «еге­менқазақ­стан­дық­­тарды» да Анадолы жеріне іс­са­пар­­ға апарып, Түркияның хал-ахуа­­лын көрсетіп, түрлі саладағы маман­да­рымен, өнер адамдарымен, ойшыл­дары­мен жақын таныс­тыр­ды­ңыз. Қа­зақстанның дінаралық келісім сала­сын­да қалыптасқан тәжірибесін насихаттау үшін сіз біздің еліміздегі дәс­түр­лі діндер өкілдерін де Түрік Рес­пуб­ликасына апарып, жер­лес­тері­ңіз­ге олардың өзара келісім мен төзім­ділікті басшылыққа алып, тату өмір сүріп жатқанын көрсеттіңіз. Бұл үлкен жұ­мыс», дей келіп, Салих Акчайдың жа­саған игі істеріне өз тарапынан ал­ғыс білдірді және болашақтағы ең­бе­гі­не жеміс тілеп, «Егеменнің» аты­нан сыйкәде жасады. Жауап сөзінде Салих Акчай Қа­зақ­стан халқына шексіз риза екен­ді­гін, өзінің бұл жерден көп нәрсе үй­ре­ніп, рухани жағынан байып бара жат­қанын жет­кізді. Қазақта «ырыс қайда бара­сың дегенде, ын­ты­маққа барамын деген» сөз бар. Иншалла, осы ынты­мақ­­тары­ңыз­дан айырыл­ма­са­­ңыз­дар, бо­­лашақта бү­гінгіден де жақсы өмір сү­ретін бо­ла­сыздар», деді толқып тұрып. Жақсыбай САМРАТ.