• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
08 Қазан, 2011

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің бұйрығы №304

264 рет
көрсетілді

2011 жылғы 26 тамыз,   Астана қаласы Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді барабар бөлу әдістемесін бекіту туралы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-2-бабының 10-2) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді барабар бөлу әдістемесі бекітілсін. 2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Н.П. Тихонюкке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Төраға     С.НОКИН. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 жылғы 26 тамыздағы №304 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді барабар бөлу әдістемесі 1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді барабар бөлу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңынына сәйкес әзірленген. 2. Осы Әдістеме тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді тізімдер бойынша бөлу кезінде басшылық ретінде қолданылады. 3. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді барабар бөлу Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес кезектен тыс және бірінші кезекте тұрғын үй алуға құқығы бар азаматтарға тұрғын үй бөлінгеннен кейін жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді барабар бөлуді есептеу үшін мынадай көрсеткіштер қолданылады: А – азаматтардың жекелеген санаттарына беруге арналған пәтерлер саны; В – барабар бөлуге жататын пәтерлердің жалпы саны; С – кезекте тұрған азаматтардың жекелеген санаттарының жалпы санға қатысты пайыздық арасалмағы; К – жекелеген санаттар кезегінде тұрған азаматтар саны; Кжалпы – жалпы кезекте тұрған азаматтар саны. Кезекте тұрған азаматтардың жекелеген санаттарының жалпы кезектегі азаматтардың санына қатысты пайыздық арасалмағы мынадай формула бойынша анықталады: В= К / Кжалпы Азаматтардың жекелеген санаттарына беруге арналған пәтерлер саны мынадай формула бойынша анықталады: А = В*С 5. Еселік мәнді алған кезде азаматтардың жекелеген санаттарына беруге арналған пәтерлер саны тұтас сандарға дейін дөңгелектеледі. Бұл ретте 0,5-тен кем қалдық мәні назарға алынбайды, ал 0,5-ке тең немесе одан асатыны тұтас сан ретінде қабылданады. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді барабар бөлу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің бұйрығына анықтама-негіздеме №    Көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі    Мемлекеттік органның ақпараты 1.    Нормативтiк құқықтық актiнi ұсынатын мемлекеттiк орган     Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі 2.    Нормативтiк құқықтық актiнiң тиiстi нормасына сүйене отырып, нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгi (мемлекеттiк органның құзыретi)     «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-2-бабының 10-1) тармақшасы 3.    Нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгiнiң негiзi (нақты мақсаттары, себептерi және акт неге байланысты қабылданды)     «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 27 маусымдағы Заңының қабылдануына байланысты «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді барабар бөлу әдістемесін әзірлеу және бекіту құзыреттерін белгілейтін түзетулер енгізілді 4.    Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық актiлер және нормативтiк құқықтық актiнi қабылдауға байланысты олардың өзгергенi және толықтырылғаны немесе күшi жойылды деп танылғаны туралы мәлiметтер     Жоқ 5.    Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, оларды мемлекеттiк тiркеуден бас тартылған немесе олардың жойылғаны туралы актiлердiң реквизиттерiн көрсете отырып заң сараптамасын өткiзбей керi қайтарылған нормативтiк құқықтық актiлер туралы мәлiметтер     Жоқ 6.    Осы нормативтiк құқықтық акт республикалық немесе жергiлiктi бюджет шығыстарының көбеюiн немесе түсiмдердiң қысқаруын көздейме     Көздемейді 7.    Нормативтiк құқықтық актiнi мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсу туралы мәлiмет     Жоқ 8.    Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәлiметтердi    Жоқ 9.    Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсiпкерлердiң аккредиттелген бiрлестiктерiнiң тiзiмiн қамтуы тиiс (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын актiлер үшiн)    Жоқ Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы                   С. Нокин. 2011 жылғы «__» ____________ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 6 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7163 болып енгізілді.