• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
08 Қазан, 2011

Жастар индустрияландыру бағытын қолдайды

492 рет
көрсетілді

Индустрияландыру – жаңа Қа­зақстанның экономикалық да­му­ындағы негізгі фактор деуге болады. Үдемелі индустриялық-ин­новациялық даму бағдар­ла­ма­сының бастамашысы ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев оны жаңарудың зор мүмкіндігі деп атады. Еліміз көлемінде үдемелі индустрияландыру бағдарламасы бойынша қазірдің өзінде 300 жоба жүзеге асырылды, жыл соңы­на дейін тағы 129 жобаны іске қосу жоспарланған. Мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылды. Сарапшылар индустрияландыру стратегиясы, әсіресе, мемлекет тұрғындарының үштен бірін құрайтын жас қазақстандықтарға айрықша ықпал етті дейді. Кеше Жаңа Жамбыл фосфор зауытында жастардың индус­трия­­лық форумы өтті. Мем­ле­кеттің жаңа индустриялық даму бағытына қолдау көрсету үшін «Нұр Отан» партиясы қолға алған форумға 300-ге жуық жас буын өкілдері жиналды. Олардың қатарында инженерлер, химиктер, технологтар, лаборанттар бар. Бұл кәсіпорын үдемелі ин­дус­триялық-инновациялық даму бағдарламасына енетін негізгі ны­сандардың бірі. Прези­денті­міз­дің даму бағдарламасының арқасында «Қазфосфатта» 5 бірдей инновациялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Соның ішінде күкірт қышқылы цех құрылысын, байыту фабрикасын, жаңа фосфор өндірісін ерекше атап өтуге болады. Осылай өнім түрлерінің көбейіп, өтімділігінің артуы бірінші кезекте жастардың жаңа жұ­мыспен қамтылуына жол ашатыны сөзсіз. «Нұр Отан» ХДП Төраға­сы­ның бірінші орынбасары Нұрлан Нығ­матулин «Елбасымыз, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасы бойынша қабыл­дан­ған индус­трия­лық бағдарламасы қазіргі уақытта жастардың ерекше назарында. Себебі, осы бағ­дарламаның арқа­сын­да жаста­ры­мыз жаңа маман­дық­тарды игеріп қана қоймай, сонымен бірге, ин­но­вациялық кәсіпорындарда жаңа технологиялармен жұмыс іс­теуге мүмкіндік алып отыр», деп атап өтті. – Президентіміздің жаңа бағ­дарламасы біздің кәсіпорын үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашты. Атап айтар болсақ, біз өндірісті жаңғырту үшін инвестиция ал­дық, енді өнімдеріміздің сапасын бұрынғыдан да жақсарту мақса­тын көздеп отырмыз. Біздің зауы­тымыз өңірдегі ең ірі кәсіп­орын­ның бірі болғандықтан, оның пай­дасын барлық Жамбыл облы­сы тұрғындары сезініп отыр деуге болады, – деді «Казфосфат» ЖШС Жаңа Жамбыл фосфор зауытының директоры Мұқыш Ескендіров. Арман Қарағалиев – еңбек жо­лын осы зауытта бастаған жас маманның бірі. Әкесі де, әпкесі де осы кәсіпорында еңбек еткен. Өзі мемлекет тарапынан жасалып отырған мүмкіндікті қалт жібермей, әрқашан біліктілігін арт­ты­рып, тәжірибесін жетілдірумен ке­леді. Соның нәтижесінде бес жыл ішінде қатардағы инженерден бастықтың орынбасары қыз­ме­тіне дейін жоғарылады. Қазір өз ұжымында білімді, іскер, ең­бек­қор маман ретінде зор беделге ие. Оның айтуынша, Прези­дент­тің жаңа бағдарламасы жас­тар­дың өмірден өз орнын табуына, болашаққа деген сенімдерін арт­тыруға, лайықты мамандық иеленіп, ойдағыдай жұмысқа орна­ла­суы­на кең жол ашқан. Еңбекақы жоғары әрі тұрақты түрде өз уақытында төленеді. Осындай қамқорлыққа бө­лен­ген форумға қатысушылар Пре­зи­денттің индустриялық-иннова­ция­лық даму бағдарламасына деген ризашылықтары мен қол­дау­ларын білдірді және бағдар­ла­ма­ның табысты жүзеге асырылуы үшін бар күш-жігерлерін жұм­сайтындықтарын айтты. Сондай-ақ бүгін кәсіп­орын­ның 40 жұмысшысы «Нұр Отан» партиясының қатарына кірді. Партия билеттерін оларға Нұрлан Нығматулин табыс етті. «Егемен-ақпарат». Жамбыл облысы.