Кеше Ақорда резиденциясында Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Марат Тәжин АҚШ-тың Ауғанстан мен Пәкстан елдері жөніндегі арнайы өкілі Марк Гроссманмен кездесу өткізді. Кездесуге сондай-ақ, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Кеннет Фэйрфакс қатысты.
Тараптар келіссөз барысында өңірлік қауіпсіздік мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Сонымен қатар, Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандырудың ерекше маңызды екендігі атап өтілді.
«Егемен-ақпарат».