• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
11 Қазан, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 975

330 рет
көрсетілді

2011 жылғы 27 тамыз, Астана, Үкімет Үйі «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., №59, 525-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативінде: 8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) патологиялық-анатомиялық бюро дербес заңды тұлға ретінде немесе орталықтандырылған патологиялық-анатомиялық бөлімше ретінде облыстық деңгейде, республикалық маңызы бар қалада, астанада және халқының саны 300000-нан (үш жүз мың) астам адам болатын қалаларда стационарлық көмек көрсететін ұйымның құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады. Аудандық деңгейде орталықтандырылған патологиялық-анатомиялық бөлімше стационарлық көмек көрсететін ұйымның құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.