• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Референдум Бүгін, 13:03

Жамбыл облысының жұртшылығы Жаңа Конституциялық жобаға қолдау білдірді

20 рет
көрсетілді

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық Коалициясының мүшелері Жамбыл өңіріне келді, деп жазады Egemen.kz.

Облыс орталығындағы «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде өңір жұртшылығымен кездесу өтті. Іс-шараға мәслихат депутаттары, ардагерлер, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері, өңірдегі кәсіпорындардың, сондай-ақ медицина және білім беру салаларының қызметкерлері қатысты. Жиында жалпы саны 500-ге жуық адам бас қосты.

Референдумға арналған ресми сайт іске қосылды

Кездесу қорытындысында Жамбыл облысының жұртшылығы Жаңа Конституция қоғам сұранысына толық жауап береді және Тәуелсіз Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз етеді деп мәлімдеді.

Астанада референдумды қолдауға бағытталған жастар концертіне 10 мыңнан астам адам қатысты

Сондықтан олар Жаңа Конституцияны толық қолдайтындарын жеткізді. Өңір тұрғындары 15 наурыз күні сайлау учаскелеріне келіп, Жаңа Конституция қабылдау, яғни Қуатты, Әділетті және Прогрессивті Қазақстанды құру жолында өз таңдауын жасауға бекініп отыр.

Шымкентте Конституциялық референдумды қолдау коалициясы іске кірісті

Соңғы жаңалықтар