• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
11 Қазан, 2011

Жиналған мол астық салаға ауыртпалық салмауы тиіс

273 рет
көрсетілді

Қолайлы ауа райынан бітік шыққан биылғы астық елдің қуанышына ғана емес, диқандардың әбіржуіне де әкеліп соқ­тыр­ған. Кеше Мәжіліс Төрағасының орынбасары Ж.Кәрібжановтың жетекшілігімен өткен Үкімет сағатында осы мәселе өткір көте­ріл­ді. Сондай-ақ депутаттар Ауыл шаруашылығы министрі А.Ма­мыт­бековтің баяндамасын тыңдады. Биылғы көктемгі дала және егін орағы жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға республикалық бюджеттен және «ҚазАгро» хол­дингі­нің еншілес ұйымдары қа­ра­жатынан 94,4 миллиард теңге бөлінген. Министр соның 78 мил­лиарды бюджеттік кредит бол­са, оның жылдық үстемақысы 12-ден 8 пайызға дейін төмен­де­тіл­гендігін алға тартты. Жалпы, биыл республика бойынша дәнді дақылдар 16,2 миллион гектар алқапқа себілсе, оның 13,8 мил­лионын бидай құраған. Қазір егін орағы 90 пайыз алқапта аяқталса, астықтың орташа түсімі гекта­ры­на 16,5 центнер. Ал биылғы дала жұмыстарына литрі 68 теңгеден 354 мың тонна жағар май бө­лін­ген, деді Асылжан Сарыбайұлы. Сондай-ақ ылғалдан бітік шық­қан егінді аман алып қалу үшін Ақмола, Қостанай және Сол­түс­тік Қазақстан облыстарына қо­сым­ша арзандатылған 40 мың тонна дизель отыны жөнел­ті­ліп­ті. Бұдан басқа, ауыл шаруа­шы­лы­ғы техникасының дайындығы 98 пайызға жеткендігі,  астықтың 24 миллион тоннадан асып отыр­ғандығы да қаперден тыс қалған жоқ. А.Мамытбеков елімізде жал­пы  сақтау сыйымдылығы 22,5 мил­лион тонна болатын қойма­лар­дың бар екенін жеткізді. Со­ның ішінде лицензияға ие астық қабылдау кәсіпорындарында 13,6 миллион тонна, ауыл шаруа­шы­лығы құрылымдарының астық қоймаларында 8,9 миллион тонна және ашық алаңқайларда тағы 2,5 миллион тонна астық сақ­тау­ға мүмкіндік бар көрінеді. Белгілі болғанындай, жалпы 1991 жыл­дан бері сыйымдылығы 2,0 миллион тоннаны құрайтын жаңадан 58 астық қабылдау кәсіпорны са­лынған. Бұдан басқа, ауыл ша­руа­шылығы тауарларын өндіру­ші­лер 651 мың тонналық 42 ас­тық қоймасын салып алыпты. Ал «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің қатысуымен жалпы сақтау сый­ым­дылығы 327 мың тоннаны құ­рай­тын 13 астық қоймасы қолда­ныс­қа енгізілген. Үстіміздегі жылы тағы 3 астық қоймасы пай­далануға беріледі деп күтілуде. Астықты өңірлердің элеватор­лық сыйымдылығын босату үшін Азық-түлік корпорациясының 500 мың тонна астығын жыл­жы­ту туралы шешім қабылданды. Оның ішінде Ақмола облысынан – 151,4 мың тонна, Қостанай об­лысынан – 165,5 және Солтүстік Қазақстан облысынан 183,2 мың тонна астық жылжытылған. Бұл мақсатқа Үкімет резервінен 1,7 миллиард теңге бағытталғаны бел­гілі болды. Сондай-ақ, тонна­сы­на 40 АҚШ доллары есебімен 2,5 миллион тонна экспорт­тау­шылардың көлік шығындарын жабуға қаржы қарастырылып отыр екен. Елімізде қазіргі таңда астық тасымалына қажетті 5169 вагон болса, оған қосымша жалға алу жолымен «Русагротранс» ЖАҚ-тан 4000 вагон, «Технотранс» ЖШҚ-тан 1400 вагон және «Балтық астық үйі» ЖШҚ-тан 300 вагон тартылары белгілі болды. Егер тасымал вагондары қанағаттандырылса, онда айына 1-1,2 миллион тонна астықты экспорттауға болатындығымен бө­ліскен министр Азық-түлік кор­порациясы тоннасы 25 мың теңгеден 5 миллион тонна бидай сатып алуға қабілетті екенін де ортаға салды. А.Мамытбековтің айтуынша, Орталық Азия, Ауғанстан, Иран сияқты елдерде дәстүрлі астық тұтыну 6 миллион тоннаны құ­ра­са, еліміздің ішкі тұтынуы 8,5-9 миллион тоннаны құрайды екен. Осы орайда министр соңғы алты жылда ауыл шаруашылығы өні­мі­нің бағасы еш өзгермесе, тиісінше жанар-жағармай бағасы 2005 жылдан бері 2,8 есеге, ал тыңайтқыштар бағасы 2-3 есеге көтерілгендігін де тілге тиек ете кетті. Мәжілістің Аграрлық мәсе­ле­лер комитетінің төрағасы Ромин Мәдинов өзінің қысқаша баян­да­масында мемлекет жыл сайын тиісті мөлшерде астықты сатып алу міндетін атқаруы қажеттігі мәселесін көтерді. Депутаттың пайымынша, шаруа өз астығын мемлекетке қанша ұсынса да, соның барлығы сатып алынуы қажет немесе шаруа өз астығын еркін саудаға шығарса да еркі болуға тиіс. Қазіргі таңда көп­те­ген шаруалар өз өнімдерін өткізе алмай дал. Осыған байланысты комитет төрағасы оны Азық-түлік корпорациясы мен жергілікті әкімдіктер шешуі қажеттігін айтты. Сонымен қатар, ол еліміздегі барлық шаруа қожалықтары үшін техника сатып алынуы қажеттігін алға тарта отырып, оған мемлекет қаржысы жұм­сал­са деген ойын да жасырмады немесе мемлекет 4 пайыздық үсте­мемен 15 жылға дейін сатып алу тетігін қарастырғаны жөн, дейді. Бұдан кейін  депутаттар Ро­зақұл Халмұрадов, Құрманғали Уәли, Бауыржан Смайылов, Нұртай Сабильянов, Құттықожа Ыдырысов, Егор Каппель, Бекен Әлімжанов сөз сөйлеп, астық өнімін тиімді жинап алу, сақтау, тасымалдау туралы ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, депутаттар астықты өндіріп қана қоймай, оны терең өндеу жайына да назар аудартты. Әсіресе, ауыл шаруашылығы саласындағы кадр мәселесін шешу, шаруаларды қолдау жайы көтерілді. Үкімет сағатын Жәнібек Кәрібжанов қорытындылады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.