• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
11 Қазан, 2011

Халық тілегі партия үшін қашанда орынды

321 рет
көрсетілді

Кеше «Нұр Отан» ХДП-ның ұйымдастыруымен еліміз көлемінде «Халық дауы­сы» жалпыұлттық акциясы басталды. Үстіміздегі жыл Тәуел­сіз­дік­тің 20 жылдық мерейтойымен ерекшеленеді. Осы жылдар ішінде біздің еліміз түбегейлі әлеу­мет­тік-экономикалық, саяси реформалар жүргізу арқылы таң­қа­ларлық нәтижелерге қол жеткізді. Мерейтой тек жүріп өткен жол­дар­ды саралау ғана емес, ең бас­тысы, жаңа кеңістіктер мен жаңа басымдықтарды анықтау жолын­да­ғы ең маңызды сәт болмақ. Дамудың жаңа кезеңіне аяқ баса отырып, «Нұр Отан» пар­тия­сы ел тұрғындарының өтініш, тілегін, ұсынысын жинау мақ­са­тында «Халықтың дауысы» жал­пы­ұлттық акциясын қолға алды. Ол бір уақытта еліміздің барлық аймақтарында басталды. Бүгін елі­міздің жоғары оқу орындары ғимараттарында, ірі сауда ор­та­лықтарында, әуежайлар мен бас­қа да қоғамдық маңызды орын­дар­да күні бойы қарбалас. Бұл жерлерге халық лек-легімен келіп, өз ұсыныс-тілектерін, нақты проблемаларын жазып, қалды­рып жатыр. Оның барлығы нұр­отан­дықтардың назарына ілігетініне сенімді. «Нұр Отан» партиясы Төр­аға­сының бірінші орынбасары Нұр­лан Нығматулин: «Бүгін «Нұр Отан» партиясы бүкіл еліміз бой­ынша «Халық дауысы» жал­пы­ұлттық акциясын бастады. Осы акция арқылы жиналған тілектер мен ұсыныстар Елбасымыз, пар­тиямыздың Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың страте­гия­лық міндеттерін тиімді жүзеге асыруға және партиямыздың жұ­мысын одан әрі жетілдіруге өз үлесін қосады деп сенім білдіреміз», – деп атап өтті. Акция арқылы тілегін жеткізгісі келген мыңдаған қазақстан­дық­тың арасында Еуразия ұлт­тық университетінің өкілдері де бар. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің деканы, профессор Тілеген Садықов «Халық дауысы» акция­сы­ның жұртшылық үшін маңызы өте зор. Оның үстіне бұл шара біз­дің университетте өтіп жатыр. Осы университетте еліміздің білікті жастары оқиды, олар елі­міздің болашағы. Сондықтан бү­гін айтылған ұсыныс, тілектердің барлығы биліктегілерге жетіп, одан нақты бір нәтиже шы­ға­ты­ны­на біз сенімдіміз. Бұл шара «Нұр Отан» партиясының билік пен халықты байланыстырудағы ең игілікті ісі деп бағалаймын, деді. Өз тілегін жеткізу үшін Аста­надағы «Хан Шатыр», «Керуен» сауда орталықтарына ағылғандар да өте көп болды. Мәселен, зейнеткер Сағидолла Бахралинов акция еліміздің саяси өміріне белсене араласуымызға мүмкіндік береді. Біздің «Нұр Отанға» жазған өтініштеріміз, ұсыныс, тілектеріміз міндетті түрде қарала­ды. Өйткені, ол – Президенті­міздің партиясы, сондықтан мен сенемін. 20 жыл ішінде жеткен жетістіктеріміз аз емес. Оның барлығы тек ұлттық Көшбас­шымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің жемісі, дейді. Бұл ауқымды шараға кез келген қазақстандық қатыса алады. Ол үшін әрбір азамат партияның стратегиялық бағыттарымен сәй­кес келетін ой-пікірлерін, өтініш-тілектерін жазып, арнайы белгіленген қағазды толтырса бол­ғаны. «Нұр Отан» партиясының сайтында арнайы бөлім ашылған. Сонымен бірге, өтініш, тілек пен ұсынысты akcia@otan.kz элек­трон­дық мекен-жай бойынша да жолдауға болады.