• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Тамыз, 2017

Жайық өзеніне 3 миллион бекіре шабағы жіберілді

346 рет
көрсетілді

«Атырау бекіре өсіру зауыты»  3,6 млн бекіре тұқымдас шабақты Жайық өзеніне жіберді. Көктемде аналық балықтың уылдырылығынан жасанды жолмен алынып, жаз бойы айрықша күтіммен өсірілген шабақтардың орташа салмағы – 13 грамм.

«Теңізге балық шабақтарын жіберуде алдыңғы орында Иран тұр. Олар жылына 70-80 млн шабақты теңізге тоғытады. Бізге бұл көрсеткішке жетуге әлі ерте. Дегенмен, жұмыс істеп жатырмыз. Қазір зауыт тоғанында 200-ге тарта аналық балық бар. Жылына 7 млн шабақты қолдан өсіріп, суға жібереміз», - дейді зауыт басшысы Рашидин Қалидуллин.

Соңғы жылдары Жайық өзенінде су маржандарының табиғи өсімі кеміп кетті. Бұған өзен суының балдыр мен батпаққа толуы, лайлануы, жалпы гидрологиялық ахуалы, браконьерлік те себеп. Табиғи жағдайларға ғана иек артып отыра берсек, бағалы балық қоры жойылып кетуі де мүмкін. Бекіре тұқымының генофондын сақтап қалуда Атыраудағы екі зауыттың маңызы ерекше. Жиырма жылға жуық уақыт жұмыс істеп келе жатқан бекіре өсіру зауыттарында бүгінге дейін 100 млн шабақ суға жіберілген.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан».