• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Тамыз, 2017

Алыс аудан айшықтары

208 рет
көрсетілді

Аймақ басшысы шалғай аймақтарды аралау ба­ры­сын­да егін­шілік, мал ша­­руашылығын дамыту, әлеу­мет­тік бағ­дар­­ла­ма­лар­ды іс­ке асыру жайымен таны­сып, бірқатар мін­деттер жүк­теді.

Тұрақты жалақы – басты мәселе 

Ғабит Мүсірепов – облыстан алыс орналасқан ірі астықты ау­дан­дардың бірі. Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов «Червонное-Агро» ЖШС-нде болып, егіс танап­тарын аралады. Серіктестік кар­­топ, қырыққабат, сарымсақ, жа­сыл бұрыш өсірумен шұғыл­да­нады.

– Дұрыстап айналысса, теріс­кей­де көкөністің кез келген түрін өсіріп, оңтүстік өңірлерге тәу­елділіктен арылуға болады. Оған мына шаруашылықтың тә­жі­рибесі айқын мысал. Біз­д­е су қоры, құнарлы топы­рақ жет­кілікті. Климаттық жағ­дай қолайлы. Алда көкөніс мөлшерін кем дегенде екі есе арт­тыру міндеті тұр. Осы іске агро­құрылымдар мен жеке ша­руашылықтарды белсене қа­ты­суға шақырамын. Сонда ішкі сұ­раныс та өтеледі, азық-түлік қау­іп- сіздігі де қамтамасыз еті­леді. Елбасының сатып алулар жүйе­сін жетілдіру бойынша тапсыр­маларын орындау – бәріміз үшін бас­ты мақсат, – деді Құмар Ірге­байұлы ұжым мүшелерімен кездесуде.

Бірқатар кемшіліктер атап көрсетілді. Тексеріс бары­сын­да кей егістік танап­та­ры­ның сеп­ториоз ауруына шал­дық­қаны анықталды. Оның бас­ты себебі химиялық өң­деу­дің жеткіліксіздігіне, аг­ро­­тех­ни­­калық талаптардың сақ­тал­мау­­ына келіп тіреледі. Ауыл­ша­­­руашылық жерлерін тиімді пай­­даланбайтын шаруашылық же­текшілеріне нақты шара қол­данылатыны, бұдан былай та­лаптың қатаңдатылатыны ес­кер­тілді.

Ауылшаруашылық мәсе­ле­леріне арналған жиында аудан әкімі Владимир Дудовтың есе­бі тыңдалды. Оның айтуынша АӨК саласында 6,5 пайыз өсім бар. Жалпы өнiм көлемі 4,5 миллиард теңгеге жеткен. Алай­да, ауыл шаруашылығы бас­қармасының басшысы Қай­рат Омаровтың талдауы ішкі мүм­кіндіктердің толығымен жұм­сал­майтынын көрсетіп берді. Бар­лық серіктестіктердің 20-ы ға­на минералды тыңайтқыш сi­­ңiрумен, 56-сы ғана мал ш­а­руа­шылығымен айналысады. Бұдан кейін қандай жоғары нәтиже күтуге болады? Ауданда жұмыс істейтін «Атамекен Агро-Целинный» ЖШС-нің 39,9 мың, «Дружба» ЖШС-нің 24,9 мың, «Содружество» ЖШС-нің 22 мың гектар жерлері бола тұ­ра мал шаруашылығына бет бұ­ру­ды басы артық шығын кө­ре­тін тәрізді. Барды малданып, қол жеткенге тоқмейілсу олар үшін үйреншікті әдетке айналған сықылды. Жұмыспен қам­туды үйлестіру және әлеу­мет­тік бағдарламалар бас­қар­ма­сының басшысы Сергей Яко­венко ауылшаруашылық кәсiп­орын­дарында еңбекақының тө­мендiгiне нақты мысалдар келтірді. Айтпай ма, «Арқада күн жылы болса, арқар ауып несі бар?» деп. Шынында да қолайлы еңбек ахуалы жасалса, қалыпты әлеуметтік жағдай жасалса, 188 тұрғынның басқа жақтарға жайлы жұмыс, жо­ға­ры жалақы іздеп, қоныс ау­дар­­мас еді. «Дружба» жә­не «Крас­­нознаменское-2» серік­тес­­тіктерінде орташа еңбекақы мөл­­шерінің 34-32 мың теңгеден ға­­на айналуы өлместің көрінісін көз­­ге елестетеді. 

Аудандағы әлеуметтік ахуал­ды бағамдаған өңір басшысы ауыл­дықтардың еңбекақысын 20 пайызға көтерудi және жұ­мыспен қамту бойынша ти­iмдi жұмыстар жүргiзудi, ал аг­ро­құ­рылым басшыларына тек қа­ра ба­сы­ның қамын күйт­тей бер­мей жұмысшы-қыз­мет­­кер­лер­­дің жағдайын жете ой­лас­тыру­ды тапсырды.

Айыртау ауданы Казанка ауылдық округiне аялдаған ай­мақ басшысының ауыспа­лы егiс жүйесіне, озық тех­но­ло­гия­лар­дың қолда­ны­луына айрықша на­зар аударуы тектен тек емес. Өйт­кені, мұның алдында Қызыл­жар ауданы «Виноградов» агрофирмасында болғанда жалға бе­рілген жер телімдерінің кү­тім­сіздігінен арамшөп басып кет­кенін ұшырастырған еді. Сол си­яқты Есіл ауданы «Жанғали» ша­руа қожалығында парлы ал­қап­тар дұрыс өңделмеген. Спа­сов ауылдық округінде бар­лық егістік алқаптың 8,6 пайызы ғана парға қалдырылған. Алматы, немесе Астанада жа­тып басқаратын инвесторлар болса, көктемгі және күзгі нау­қандарда ғана төбе көрсетеді. «Ки­рилловка-Айыртау» ЖШС-нiң директоры Владимир Казаркин жергілікті тұрғын бол­­ғандықтан, ауылдықтардың мә­­селелеріне жете қанық. 14 мың гектар алқаптың 80 пайызы­на – бидай, 2,5 мың гектарына – ар­па, 400 гектарға – рапс, 400 гек­тарға жасымық егілген. Орақ нау­қанына сақадай сай. Еңбек­а- қы уақытылы төленеді.

Активпен өткен жиында ауыл ша­руашылығы саласының ахуалы, туризм әлеуетін жаңғырту негізгі әңгіме өзегіне айналды. Май­лы дақылдар алқабының 20 мың гектарға, ауыспалы егiс­тің көлемінің 77,8 пайызға же­туі оң бағаланды. 400 басқа ар­налған сүт кешенi, 100 басқа лай­ықталған мал фермасы, 400 бас­қа шақталған репродук­тор­лы шаруашылық құру жос­пар­ланған. Үш өндiрiстiк коопе­ратив сүт жинаумен айналы­са­ды. Десек те, жергілікті ту­риз­мдi дамыту жайы әлі де кенжелеп келеді. Шалқар көлiнің жа­ғасында орналасқан 24 дема­лыс орнының төртеуінде ти­е- ­сі­лі жер телімдері әлі күнге дей­ін бос тұр. Нысандардың са­нитарлық жағдайы, мате­ри­алдық-техникалық базасы қанағаттандырмайды. Мон­ша, душ, ойын-сауық ор­ны сияқты қосымша қыз­мет­тер қа­рас­ты­рыл­маған. «Бизн­ес­тің жол карта­сы-2020» бағ­дар­ла­ма­сы аясында бiр ғимаратқа ға­на электр жа­рығы тартылған. Де­ма­лыс үй­лерiне су тарту қолға алын­ба­ған. Егер кәсiпкер заманауи та­лаптарға сай кәсібін дамыта ал­маса, онда демалыс базасын ашу­дың қажеті қанша?! Үкімет, жер­гілікті билік туризмдi ілге­рі­летуге барлық жағдайды жасап отырғанына қарамастан жағ­дай көңіл құлазытады, – дей ке­ліп, облыс әкімі туризм саласы бой­ынша нақты тапсырмалар жүк­теді.

Табыс көзі – төрт түлік Ақжар ауданында орналасқан «Коцак» шаруа қожалығына Тамара Коцак деген іскер әйел же­тек­шілік етеді. Ол ширек ға­сыр­­ға жуық егіншілікті кәсіп ет­се, биыл 28 бас қазақтың ақ­бас сиырын сатып алып, ендігі нә­сіп­ті мал шаруашылығынан да ай­ыруға көшкен. Заманауи техни­калармен, себу кешендерімен то­лық қамтылғандықтан, ең­бек өнімділігі жоғары. Тамара Ива­нов­наның баласы да, немересі де отбасылық кәсіпкерлікті жал­­ғас­тырып жүр. Аймақ бас­шы­сы оның мектепке де демеу­ші­лік жа­сайтынын, басқа да қай­ырым­ды­лық акцияларға белсене қа­ты­сатынын естіп, өзгелерге үлгі ете сөйледі. «Омбы-35» бидай сұрыбының өсірілу технологиясына жоғары баға берді. Оның гектар шығымдылығы 25 центнерден кем болмайтын көрінеді. Теріскейдің қатал ауа райына төзімді «Астана», «Астана-2» тұ­қым­­дарының үлесін, майлы да­қыл­дар көлемін көбейтуге кеңес берді. Мәселен, Тайынша ауданы «Степноишим тәжірибе стансасы» ЖШС 16 мың гектардың үш­тен біріне майлы дақылдар сеуіп, ен пайдаға кенеліп отыр. Былтыр рап­стың гектар берекелілігі 27 цент­нерге жетіп, әр тоннасы 125 мың теңгеге бағаланыпты. 

Ақжарқын ауылындағы клуб үйі қалпына келтірілгелі мәдени, ойын- сауық шаралары жиі өтетін орын­ға айналыпты. Ұлттық би, дом­быра, хор үйірмелеріне тұр­ғын­д­ардың қатысуы белсенді, дей­ді клуб директоры Сайлау Қой­шыбай. Шығармашылық ұжым­дар аудандық, облыстық бай­қауларда жүлделерге ие болыпты. Фельдшерлік-акушерлік қосын фельдшері Ирина Ва­си­льева асқазан жарасына, те­мір тапшылығы анемиясына, жү­рек-қан тамырлары кеселіне шал­дыққан 85 науқастың есепте тұратынын, олардың бәріне тұ­рақты ем-дом көрсетілетінін, про­филактикалық тексеру жыл сай­ын өткізілетінін айтты. Ау­дан әкімі Серікбай Тұралинов әлеу­меттік-экономикалық көр­сет­кіштер жайлы баяндады. Ау­ыл­шаруашылық өнімдерінің тең жартысына жуығы егіншілік үле­сінде. Былтырғыға қарағанда ауыл шаруашылығы саласының нақ­ты өсімі 105 пайызды құра­ған. Негізгі капиталға салынған инвес­тиция мөлшері өскен. Ие­сіз жатқан жерлердің 25 мың гек­тары жыртылып, 10 мың гек­тары өңделген. Дегенмен, ір­кі­лістер де жоқ емес. Бірінші жар­ты­жыл­дықта бір гектар үшін 1340 тең­геден салық жиналған. Жыл сайын ауылшаруашылық тауарын өндірушілер 100-150 миллион теңге салық төлемейтінін, 234 агроқұрылымның 44-і ғана мал шаруашылығымен шұғыл­да­на­тынын, кей мемлекеттік бағ­дар­ламалар бойынша тапсырыс бе­рілмегенін, инвестиция тартудан артқы орында тұрғанын ескерсек, орасан резервтердің барын аңғару қиын емес. 

әлиханов ауданында облыс әкімі «Жолдасбай-Агро» ЖШС-нің астық өндірі­сін әр­та­­рап­тандырудағы тәжіри­бе­сін­е ден қойды. 2600 0 гектар ал­қап­тың 8 мың гектары майлы дақылдарға тиесілі. 4 мың гек­тар жер парға қалдырылған. Екі­нің бірі тәуекел ете бермейтін се­рік­тестік жетекшісі Сүйіндік Жол­дасбаевтың бұл әрекеті шы­нында да сүйсінтеді. Мұның сыр­тында бір мыңға тарта мал бар. Орташа еңбекақы – 110 мың тең­ге. 

Жиын барысында бос жат­қан жерлердің айна­лым­ға алын­бағаны, кей шаруа­шы­лық­тардың 23-30 мың мөл­ше­рін­де ғана жалақы төлейтіні, ау­дан ор­та­лығы Кішкенекөлде жа­рық­­тан­дыру мәселесі түйінді күй­­де қалғаны айтылды. Аймақ бас­­­шысы өз сөзінде мемлекет та­­­рапынан көрсетіліп жатқан кө­­­мектердің қайтарымы болу ке­­­ректігін, кәсіпкерлер жаңа жұ­мыс орындарын құруға мүдде­лі­лік таныту, ауылдықтар қамын бірінші кезекте ойлау қажеттігін атап көрсетті. Кадрлар тап­шы­­лы­ғы, айлық жалақының тө­мен­дігі, ауыспалы егіс жүйе­сіне, тұ­рақты еңбекті қажет ете­тін мал шаруашылығына жете кө­ңіл бөлмеу барлық аудандарға тән құбылыс екені белгілі болды.

Осылайша облыс әкімінің алдын ала жоспарланбаған жұмыс сапары көптеген кемшіліктермен қоса қолдағы мүмкіндіктер мен ішкі резервтердің молдығын да айқындап берді. Жүктелген тапсырмаларға аса көңіл бөлу қажеттігі, нәтижелері күзде тексерілетіні аудан әкімдері мен сала басшыларының санасына жететіндей ерекше ескертілді.

  Өмір ЕСҚАЛИ,  «Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы