Жыл: 2017
Ел: АҚШ
Режиссер: Патрик Хьюз
Басты рөлдерде: Райан Рейнольдс, Сэмюэл Л. Джексон, Гэри Олдман, Сальма Хайек, Элоди Юнг, Жоаким ди Алмейда, Ричард Э. Грант
Продюсер: Дэвид Эллисон, Марк Гилл, Дэна Голдберг, Джон Томпсон
Жанр: Комедия, Боевик
Әлемдік премьера: 10 тамыз 2017
Қазақстандағы премьера: 17 тамыз 2017
Жас шектеуі:R рейтингі – 17 жасқа дейінгі тұлғалар үшін ересектердің қадағалауы міндетті
Ұзақтығы: 118 минут
Оқиға желісі бойынша оққағарға (Райан Рейнольдс) ежелден ата жауына айналған киллерді қорғау тапсырылады. Жұмысына адалдық танытқан оққағар әлемдегі ең танымал қылмыскермен (Сэмюэл Л. Джексон) бірге БҰҰ-ның халықаралық сотының резиденциясына дейін бірге барады. Жолай қатыгез диктатордың (Гэри Олдман) құрығынан тірі құтылу үшін олар ынтымақта тойтарыс беруге көшеді.
Фильмнің негізгі түсірілім жұмыстары 2016 жылдың 2 сәуірінде Лондон, Амстердамда басталды. 2011 жылы мамырда Том О'Коннор жазған сценарий желісі экранизацияланбаған жұмыстардың ішіндегі үздігі ретінде танылды. Әуелгіде шығарма драма жанрында ұсынылған-тұғын. Түсірілім жұмыстарына екі-ақ апта қалған уақытта шығарма комедия ретінде бастан-аяқ қайта жазылды.
Рецензия агрегаторы саналатын «Rotten Tomatoes» сайтында фильм рейтингі орташа деңгейде (5,9/10) деп бағаланған. Ал америкалық Variety журналында Питер Дебюрг фильмді жаздың соңындағы ерекше сыйлық болғандығын айтып, «Кино табиғаты мультфильмге жақын. Райан Рейнольдс, Сэмюэл Л. Джексон әзіл-қалжыңға толы іс-әрекетімен нағыз комедия жасап шығарды» дейді.
Ая ӨМІРТАЙ,
"Егемен Қазақстан"