Шұғыл әрекет ететін арнайы отряд қызметкері аға лейтенант Василий Кучерук пен лейтенант Жәнібек Кенжебекұлы және жол-патрульдік полициясының кіші сержанты Данияр Игіліков түн ортасында облыс орталығындағы Уральск көшесімен кетіп бара жатқан жеңіл масаң жігітті тоқтатты.
«Бұл күнделікті құжат пен телефонның ИМЕЙ кодын тексеру болатын. Бұл қоғамдық тәртіп профилактикасы және мобильді телефондар ұрлығын ашу үшін жүргізіледі» дейді Василий Кучерук.
Жүргіншінің кім екенін анықтаған соң, полицейлер оның қолындағы «Самсунг Галакси» маркалы телефонының кодын тексерді. Тексеруден кейін кезекші бұл телефонның 2013 жылдан бері іздеуде, оның Қостанай қаласының тұрғынына тиесілі екендігін хабарлады. Ұсталған жігіт телефонды бір таксистен арзан бағаға сатып алғандығын айтты. Қазір тексеру жүргізілуде.
Жыл басынан бері Қостанайда полицейлер 438 ұялы телефон ұрлығын ашты. Ұрлықты ашу тұрғындарды тексеру нәтижесінде мүмкін болды.
Нәзира Жәрімбет,
«Егемен Қазақстан»
ҚОСТАНАЙ