• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Үкімет 18 Тамыз, 2017

Боливия сыртқы істер министрімен  кездесті

307 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Астанаға жұмыс сапарымен келген Боливияның сыртқы істер министрі Фернандо Уанакуни Маманимен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында энергетика, мәдениет, ғылым және білім беру салаларындағы екі­жақты сауда-экономикалық ынты­мақ­тастық мәселелері талқы­ланды. Екі тарап, сондай-ақ, мұ­най химиясы, ауыл шаруа­шы­лығы, көлік салаларында, таза тех­но­логияларды дамыту мен жаң­ғырмалы энергетика салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды құру мен іске асыруға мүдделі екендерін білдірді. Фернандо Уанакуни Ма­ма­ни­дің айтуынша, Боливия тек қана газ секторында емес, сонымен қатар сирек кездесетін металдар мен атом өнеркәсібі салаларында да серіктестікті дамытуға әзір. Бақытжан Сағынтаев екі­жақ­ты ынтымақтастықтың нығая түсуіне қызығушылық білдіріп, Фер­нандо Уанакуни Маманиге Қазақ­станның халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуіне қол­дау білдіргені үшін алғыс айт­ты.