• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Үкімет 18 Тамыз, 2017

Достық пейілді серіктестік

276 рет
көрсетілді

Астанада Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен Боливияның сыртқы істер министрі Фернандо Уанакуни Маманидің кездесуі өтті. 

«Біз мазмұнды келіссөздер өткізіп, Саяси декларацияға қол қой­дық. Ал енді осы құжатта екі­жақты күн тәртібіндегі ең маңызды ас­пек­тілер, сонымен қатар бұдан бұрын жоспарланған визалық талап­тардан босату жөніндегі келі­сімге қол қою көрсетілген. Сондай-ақ, әңгіме барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер де тал­қыланып, Боливияның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы сөз болды. Сол сияқты тараптар ара­сын­дағы сауда көлемін арттыру мен оның құрылымдық әртараптан­дырылуына, экономикалық бағыт пен энергетика салаларындағы іс-қимылды дамытуға уағдаластық», – деді Қ.Әбдірахманов. Өз кезегінде сөз алған Боли­вия­ның сыртқы істер министрі Фер­нандо Уанакуни Қазақстанға жа­са­ған бұл сапары өте сәтті өткенін тілге тиек етті.  «Қазақстан мен Боливия ара­сын­дағы қашықтық достық пейіліміз бен сенімді серіктестігіміздің ны­ғаюына ешқандай да кері әсерін тигізбейді деп санаймын. Байқасақ, біздің арамызда екі ел қарым-қаты­насының жаңа деңгейге көте­рі­луіне сеп боларлықтай ұқсас­тықтар өте көп екен. Тіпті халық­тар арасындағы тұрмыс-салт пен болмыс-бітіміндегі нәзік иірім­дерінен бөлек, Қазақстан мен Боли­вияның сыртқы саясаттағы мақсат-мүдделері де өзара үндесіп жатқаны сөзсіз», деді Ф.Уанакуни. Нұрлыбек ДОСЫБАЙ, «Егемен Қазақстан»