• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Қыркүйек, 2017

Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлерін беру тәртібі бекітілді

472 рет
көрсетілді

Қазақстанда байқау негізінде ауыл шаруашылығы жерлерін беру тәртібі бекітілді, бұл туралы орталық коммуникация қызметінде Жер Кодексіне енгізілген жаңа өзгерістерге байланысты өткен баспасөз конференциясында белгілі болды.

Сонымен, Жер кодексінің келесі нормаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылған:

1. Қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын сақтау және жетілдіру;

2. Қазақстандықтарға жалға берілетін ауыл шаруашылығы жерлерінің шектеу (ең жоғары) мөлшерін белгілеу;

3. Шекара маңындағы аймақтарда ауыл шаруашылығы жерлерін берудің талаптарын қатаңдату;

4. Халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, елді-мекендер маңындағы жайылымдардың алаңдарын анықтау.

Қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын сақтай отырып, заң жобасымен ауыл шаруашылығы жерлерін конкурстық негізде берудің бөлек тәртібін белгілеу қарастырылады.

«Конкурсқа жариялылықты және барлық потенциалды қатысушыларға бірдей қатысуды қамтамасыз ету мақсатында жаңа тәртіп конкурсты өткізу туралы хабарламаны БАҚ, әкімдіктердің және Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурстерінде жариялау қарастырылады», - делінген ҚР АШМ хабарламасында.

Конкурстың жеңімпазын анықтайтын комиссия құрамына қоғамдық кеңестер мен ұйымдардың өкілдері қатысады, олар комиссия мүшелерінің жалпы санының 50 % астамын құрайды.

Конкурсқа қатысудың міндетті шарты бойынша қатысушымен конкурстық ұсынымды беру қажет. Атап айтқанда:

- ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізудің бизнес-жоспары;

- шаруашылық ішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру бойынша міндеттемелер;

- жергілікті тұрғындарға жұмыс орындарын құру бойынша міндеттемелер;

- өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егу алаңдарының құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау бойынша міндеттемелер.

Ведомство мына талаптарды еске салды:

- еркін нысанда ауыл шаруашылық дақылдарын егу үшін нақты қолда бар қажетті ауыл шаруашылық механикалық құрылғыларын көрсете отырып жер учаскесін пайдалану бойынша

бизнес-жоспар немесе өндірістік бағдарлама және (немесе) оларды сатып алуға (жалға алу, қызмет көретуді сатып алу және тағы басқалар) шарттың көшірмесін (немесе ниет ету хаттамасын) ұсыну;

- білім туралы дипломның (ол болған жағдайда) көшірмесі немесе еңбек қызмету туралы және ауыл шаруашылығы саласында жұмыс өтілі көрсетілген өмірбаян.

Берілетін жерлердің ұтымды пайдаланылуын тексеру мақсатында, заң жобасымен тұрақты мониторинг жүргізу қарастырылды: жалға алудың алғашқы 5 жылында – жыл сайын,келесі кезеңдерде суармалы егістікте әрбір 3 жылда, тәлімді жерде – әр 5 жылда.

Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы жерлерінің үлкен мөлшерін «бір қолға» беруге жол бермеу мақсатында, заң жобасымен қазақстандықтарға жалға берілетін ауыл шаруашылығы жерлерінің ең жоғары мөлшерін алқаптар бойынша республика, облыс және әкімшілік аудандар (қалалар) шегінде белгілеу қарастырылады.