• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
25 Қазан, 2011

Талдықорған театры Астанада

465 рет
көрсетілді

Алматы облыстық Бикен Римова атындағы драма театры өткен жылы Алматы қаласынан бастап, Қызылорда, Жамбыл, Оң­түстік Қазақстан облыстарына гастрольдік сапармен барып қайт­қан болса, биылғы жылы Шы­ғыс Қазақстан және Солтүстік Қазақ­стан облыс­тары жұртшылығына өз өнер­лерін көрсеткен еді. Содан көп ұзамай Павлодар, Көкшетау, Петропавл, Астана, Қарағанды қалаларына қарай ат басын бұрған театр ұжымы өз көрермендеріне бұл жолы Т.Әліп­байдың «Томирис», Б.Римованың «Қос мұң­лық», Т. Ах­­танов­тың «Күшік күйеу», С.Бал­­ға­баевтың «Ға­шықсыз ғасыр» Н.Го­гольдің «Үй­ле­ну» ат­ты сах­на­лық қойы­лым­­да­рын, сондай-ақ Б.Соқ­­пақ­баевтың бала­лар­ға арналған «Тапқыр Қожана­сыр» ертегісін ұсын­ды. Ең алдымен Пав­лодар қа­ла­сындағы Ж.Ай­мауытов атындағы музыка­лық драма театрын­да өнер көрсет­кен олар бұдан кейін Петропавлда, Көк­шетауда бол­ды. Бір айта кететін жәйт, аталмыш қа­ла­лардың бә­рін­­де театр қойы­лым­­­дары зор табыс­пен өтті. Осын­дай көте­рің­кі кө­ңіл-күй­мен Астанаға келіп жеткен театр ұжымы Қ.Қуа­ныш­баев атын­­дағы қазақ музыка­лық драма театрын­да Бикен Ри­мова­ның «Қос мұң­лық» монодра­масымен гастрольдік шымыл­ды­­ғын аш­ты. Енді біз сөз орайына қарай, театр­дың елордада төрт күн бойы өнер көрсе­тетінін айтсақ дейміз. «Егемен-ақпарат».