• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
25 Қазан, 2011

Көңіл айту жеделхатын жолдады

437 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республи­ка­сының Президенті Абдулла Гүлге осы елде болған жер сілкінісіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабар­ла­ды Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қыз­меті. «Түркиядағы Ван провинция­сында болған жер сілкінісінің сал­дарынан көптеген адамдар құр­бан болғаны туралы суық хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Бұл үлкен апаттан зардап шеккендерге қажетті көмек беруге дайын екендігімізді білдіремін. Тағиғат апатынан қаза тапқан жан­дардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ бауыр­лас түрік халқына Қазақстан хал­қының атынан және өз тара­пы­м­нан көңіл айтып, қайғыла­ры­ңыз­ға ортақ екендігімізді білдіремін», делінген жеделхатта.