• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
25 Қазан, 2011

Қорытынды отырыс

332 рет
көрсетілді

Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлық беру жөніндегі республикалық комиссияның қорытынды отырысы болды. Ғылым мен техника саласын­дағы Отанымыздың Мемлекеттік сыйлығы ғылым, техника қай­рат­керлерінің қоғам мен ел алдын­да­ғы еңбегін жоғары бағалау болып табылады. Қазақстан Респуб­лика­сының азаматтарына берілетін бұл жоғары марапатты Президент елдік ғылымды дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін екі жылда бір рет Тәуелсіздік күні қарсаңында өзі тапсырады. Мемлекеттік хатшы оты­рыс­ты ашар сөзінде комиссияға өте жауапкершілікті тапсырма жүк­тел­генін, сыйлық Елбасының Жар­лығымен бекітілетін болған­дық­тан ұсынылған жұмыстар­дың ішінен барлық талаптарға сәйкес келетін, ғылымға қосар үлесі бар, болашақта нәтижелі бо­ла­тын нағыз лайықтысын іріктеу қажет болғанын атап өтті. Бұл критерийлердің анық және нақты екені белгілі. Мемлекеттік сыйлыққа үміткер әрбір жұмыс, ең алдымен, отандық ғылымда серпінді болуы, өз саласында әлемдік ғылыми жұмыстармен бә­секелесе алуы, ғылыми-тех­ни­ка­лық дамуға елеулі үлес қосуы тиіс. Отырыстың қорытындысы бойынша комиссия Ғылым мен  техника саласындағы 2011 жыл­ғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру үшін Президентке ұсынылатын жұмыстардың тізімін бекітті. Сүлеймен МӘМЕТ.