Назарбаев Университетінде «Жаһандану дәуіріндегі ұлттық код пен бірегейлік» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық кеңесі өтті.
G
M
T
Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский
АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский
Звуковая функция ограничена 200 символами
Настройки : История : Обратная связь : DonateЗакрыть
Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай, Мәжіліс депутаттары, ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктер мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты. Сонымен қатар, жиынға Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь елдерінен сарапшылар мен халықаралық қатынас саласының мамандары келді.
Ұлттық код пен бірегейлік жөніндегі форумды ашқан Д.Мыңбай Назарбаев Университетінің еліміздегі іргелі оқу ордасы екенін және Қазақстандағы білім саласына сүбелі үлес қосып жүргенін сөз етті.
«Орталық Азия ғылыми-сарапшылық кеңесті дәстүрлі түрде өткізіп келеміз. Бүгінгі жиынның тақырыбына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында сөз болған мәселелер мұрындық болып отыр. Онда жаһандану дәуірінде рухани жаңғырудың маңызы жоғары екені айтылады», – деген Д.Мыңбай Елбасы мақаласында аталған бағыттардың өзектілігіне тоқталды.
Төраға орынбасарының айтуынша, кез келген қоғамның өзіне тән түп-тамыры болады. Осы орайда, ол рухани жаңғыру осынау ұлттық кодты сақтай отырып жүргізілуі керек екенін жеткізді. Д.Мыңбайдың сөзіне сүйенсек, мәдениет, тарих және дәстүр мемлекет пен қоғамның негізгі тіректері. Оған арқа сүйемеген халық өз бағытын жоғалтып алуы мүмкін. Дәстүрді сақтау өткенді көшіріп алу емес, бірегейлікті бекемдей отырып, болашаққа нық қадам басу екенін айтты Төраға орынбасары.
«Қазақстанның өткені – сақтар, ғұндар, түріктер мен Қазақ хандығынан бастау алатын біздің тарих. Бұл азиялық, еуразиялық өркениеттер бір арнаға тоғысып, адамзат тарихындағы көшпенділердің өз қолтаңбасын қалдырған жол. Ұжымдастыру, аштық және қуғын-сүргін жылдары мойымаған ұлттық рух қалыптасты. Осындай өткені бар Қазақстанның полиэтностық келбеті жасалды. Сонау жылдары Қазақстанға түрлі этностардан 2,5 миллионға жуық халық күштеп көшірілді», – деп атап өткен Д.Мыңбай Қазақстанның полиэтностық және поликонфессиялық елге айналғанын жеткізді.
Назарбаев Университетінің студенттік істер және халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президенті Қадиша Даированың пайымдауынша, мұндай алқалы жиындардың қоғам үшін маңызы зор. Сонымен қатар, ол бүгінгі таңда іргелі білім ордасының қазіргі жағдайымен таныстырып өтті. Қ.Даирова Назарбаев Университетті шетелдердегі озық тәжірибелерді жинақтап, ішінен ең үздіктерін таңдап алатынын атап өтті. Оның пікірінше, мұндай үлгілерді ең әуелі университетте тәжірибеден өткізу елдегі білім саласын дамытуға елеулі үлес қосады. Қ.Даирова қазіргі таңда Назарбаев Университеті солардың ішінен озық шыққанын таңдап, Қазақстандағы басқа да білім ордаларымен тәжірибе бөлісетінін жеткізді.
«Бүгінде біздің алдымызда оқу ордасына көптеген ұлттың өкілдерін тарту мәселесі тұр. Университетте оқитын төрт мыңға жуық студенттің 91 пайызы қазақ. Бұл – қуантарлық жағдай. Әйтсе де, алдағы уақытта оқу ордасында кез келген ұлттың өкілі білім алуға мүмкіндігі бар екеніне көз жеткізу керек», – деді Қ.Даирова.
«Қоғамдық пікір» зерттеу институтының жобалар жетекшісі, ҚХА Ғылыми-сарапшылар кеңесінің мүшесі Ботагөз Рақышева Орталық Азия жастарының бірегейлігі жөнінде жүргізген зерттеудің нәтижесімен бөлісті. Онда жастардың түрлі мәселелерге көзқарастары, интернетті қолдану секілді түрлі салалар қамтылған.
Б.Рақышева келтірген деректерге сай, қазіргі таңда қазақстандық жастардың әлеуметтік және экономикалық жағдайы көрші елдердегі құрдастарына қарағанда анағұрлым жақсы. Мәселен, Қазақстандағы өскелең ұрпақтың 88 пайызы кең жолақты интернетке қол жеткізген. Бұл – зерттеу жүргізілген басқа елдерден әлдеқайда көп.
Сонымен қатар, алқалы жиында қоғамдық жаңғырту үдерісіне мәдени мұраны пайдаланудың халықаралық тәжірибесіне талдау жасау және оны жинақтау, қазақстандықтардың ұлттық кодының негізгі іргетасын анықтау, заманауи мемлекеттің орнықтылығын сақтаудағы азаматтық бірегейліктің рөлін бағалау мәселелері де талқыланды.