• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Футбол 02 Қазан, 2017

Давид Лория: Алдағы екі ойында ұпай алуымыз керек

358 рет
көрсетілді

Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Давид Лория алдағы Румыния және Армения құрамаларына қарсы ойын жайлы ой бөлісті.

 

– Ең алдымен жеңіске деген құлшынысымыз болуы керек. Қарсыластарымыздың қарымынан жасқанбай, өз жоспарымызды толығымен жүзеге асыруды ойлағанымыз жөн.

– Алдағы екі ойынның қайсысы маңыздырақ деп ойлайсыз?

– Бұл жерде нақты мына команданы ғана ұту керек деген ой болмауы керек. Жасыл алаңға шыққаннан кейін кез келген ұжымды жеңуді ғана ойлаймыз. Бізді алда қиын екі ойын күтіп тұр. Ал Румынияның жақында жаңа бас бапкері тағайындалғанды. Сондықтан бізді жеңуді мақсат етеді деп ойлаймын. Біз сырт жақта да, өз елімізде де ұпай алуды мақсат етуіміз керек.

– Армения құрамасымен бірнеше рет кездестік. Армияндарға қарсы ойын сізге қандай әсер қалдырып жатады?

– Арменияға қарсы ойын ешқашан оңай болған емес. Оларда мықты ойыншылар жиналған. Бізді бұл жолы да тартысқа толы кездесу күтіп тұрғаны анық. Бірақ бұл жолы да жанкүйеріміздің қолдауынан үміт күтеміз. Олардың қолдауы бізге ерекше күш береді.

– Ұлттық құраманың бір ойынын еліміздің өзге қалаларында өткізгіңіз келе ме?

– Бұл сұрақ маған арналмаған сияқты. Ал өз басым қай жерде болсын өнер көрсетуге дайынмын. Бізге қай жерде ойна десе, сол жерде ойнаймыз.

Әли БИТӨРЕ, «Егемен Қазақстан»