• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Қазан, 2017

Коммуникация мәселелері талқыланды

1190 рет
көрсетілді

Астанада Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңес отырысы өтті. Жиын мемлекеттік қызмет көрсету, ақпарат жинауды және ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту мәселесіне арналды. 

        G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Кеңес отырысында әлеу­мет­тік жарнамаларды орналас­тыру, бұқаралық ақпарат құрал­дарындағы қазақ тілінің жағ­дайы, «Ашық үкімет» порталын дамыту сияқты бірқатар мә­селелер талқыланды. 

Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Елдос Нәшірәлінің ақпаратына сүйенсек, отандық телеарналар эфир уақытының 1 пайызын әлеуметтік роликтерге бөлуді жоспарлап отыр. Яғни, күніне 2 мезгіл 45 секундтық бейне­көрсетілім кешкі уақытта кө­рер­мен назарына ұсынылмақ. Е.Нә­шірәлінің пікірінше, мұндай әлеуметтік роликтер отбасы құн­дылықтарын, адамгершілікті және патриотизмді насихаттайды. 

«Qazaqstan» РТРК» басшысы Ерлан Қарин теледидар көру рейтингін анықтаудың кем­шіліктеріне тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі жүйе нақты жағдайды көрсетпейді. 

«БАҚ саласындағы мем­ле­кеттік тілдің дамуына ық­пал ететін фактор – зерттеу компанияларының нәтижесінің сапасы. Алайда олар келтірген рей­тинг шындықтан алшақ жа­тыр. Мысалы, «TNS Central Asia» компаниясы зерттеуді ірі қа­лаларда тұратын 2200 тір­кел­ген абоненттер арасында жүр­гізген. Респонденттердің 58 пайызы қазақтілді. Қазақтілді аудиторияның басым бөлігі қалаларда емес, шет жақта,  ауылдарда тұрады. Сондықтан, олардың талғамдары ескерілмей қалады», – деді Е.Қарин. 

«Qazaqstan» телеарнасы бас­шысының пайымдауынша, нақты рейтингке қол жеткізу үшін зерттеуді түрлендіру қа­жет. Ол сауалнама, блиц-интер­вью, әлеуметтік зерттеулер жүр­гізіп, фокус топтармен жұмыс істеу керектігін айтты.

Отырыс барысында ұлттық доменді ауыстыру мәселесі де сөз болды. Қоғамдық кеңестің мүшесі Нұрлан Исин «kz» доменін «qz»-ге өзгер­ту­ді ұсынды. Ол ертерек қимыл­да­ма­са, «qz» доменін басқалар ием­деніп кетуі ықтимал екенін ай­тады.  «Ұлттық доменді жаңа әліп­биге сәйкес латынша «qz»-ге ауыс­тыру қажет. Бұл мәселені тез шешкеніміз жөн. Сондықтан, осы­ған жауапты мекеме ICANN-ға сұраныс жіберілуі тиіс», – деді Н.Исин. 

Жиында «Ашық үкімет» порталының жұмысы да тал­қыланды. Бұл жөнінде Ақ­парат және коммуникациялар министрлігінің БАҚ сала­сын­дағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары Бекзат Рахимов баяндама жасады. Оның айтуынша, портал қазіргі таңда екі тілде қажетті ақпараттарды таратып отыр.

 

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»