• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
26 Қазан, 2011

Ел мерейтойына лайықты үлес

254 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының аты­на Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагиннен хат келді, деп хабарлады Қазақстан Респуб­ли­касы Президентінің баспасөз қызметі. «Аса құрметті Нұрсұлтан Әбіш­ұлы! Қостанай облысы­ның диқан­дары астық жинау нау­қанын табысты аяқтады. Мол астықтың түсімі гектары­нан 20,2 центнерден айна­лып, 8 млн. 681 мың тонна астық жиналды. Мұндай бітік астық өңірдің тарихында алғаш рет жи­налып отыр. Бұл жетістік ауыл еңбеккерлерінің ел Тәуелсізді­гі­нің 20 жылдық мерей­тойын лай­ықты қарсы алуға қосқан өзіндік үлесі болып табылады. Сіздің қол­дауыңыз бен айтарлықтай қар­жылық көмегіңіз ауыл еңбеккер­леріне мол астық өсі­ріп, рекордтық өнім жи­нау­ға мүмкіндіктер берді. Осы қам­қор­лығыңыз үшін облыстың аг­роөнеркәсіп кешені саласы­ның жұмысшылары Сізге, Нұр­сұлтан Әбішұлы, ерекше алғыстарын білдіруде. Қос­та­най облысының диқан­дары Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін ны­ғай­ту үшін өздерінің күш-жігері мен іскерлігін алдағы уақытта да жұмсай беретін болады», – делінген хатта.