• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
26 Қазан, 2011

Мерей өсіретін көрініс

288 рет
көрсетілді

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өту ауқымында белгіленген шаралар аясында 25-26 қазан күндері Астана қаласында Алматы, Батыс Қазақстан және Павлодар облыста­ры­ның күндері өтуде. Кеше Мемлекеттік хат­шы­ Қанат Саудабаев пен Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов облыс күндері шеңберінде ұйымдастырылған өңірлердің ауыл­шаруашылық тауарлары жәрмеңкесін аралап көрді. Мемлекеттік хатшы алдымен «Думан» ойын-сауық орталығы жанындағы алаңда орналасқан Батыс Қазақстан облысының жәрмеңкесін аралады. Облыс әкімі Бақ­ты­қожа Ізмұхамбетов Мемлекеттік хатшы мен Астана қаласының әкіміне өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жетістіктері туралы баяндап, Еділ мен Жайық өңірінен жеткен жәрмеңкедегі ауылшаруашылық өнімдерімен таныстырды. Одан кейін Қанат Саудабаев пен Иман­ға­ли Тасмағамбетов Астана қаласы әкімдігі алдындағы орталық алаңда қанат жайған Пав­лодар облысының жәрмеңкесіне атба­сын тіреді. Өндірісті өңір басшысы Бақыт­жан Сағынтаев өркені өскен өңірдің табыс­та­рын тілге тиек ете келіп, облыстағы ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің осы жәр­мең­кеге әкелген тарту-таралғыларымен та­ныс­тырды. Павлодар облысы бас қаламызда ұйымдастырылған жәрмеңкеге 800 тоннадан астам сапалы азық-түлік тауарларын жет­кізіпті. Тамылжыған табиғатына ел Тәуелсіз­ді­гінің 20 жылдығы ішінде қол жеткізген жетістіктері сай Жетісу өңірінің еңбеккерлері облыс күндері аясында өтіп жатқан шараларға өңірде өнген мол өнімдерімен қоса, өнер тартуларын да молынан жеткізген екен. Қанат Саудабаев еліміздің бас қаласы – Астанада өтіп жатқан облыстар­дың күндері аясындағы бұл азық-түлік тауарлары жәрмеңкесі мен мәдени-рухани шаралардың мереке қарсаңында жұрт­шы­лықтың рухын асқақтататын әлеуметтік маңыздылығын атап көрсетті. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.