• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
28 Қазан, 2011

Жаңа...

309 рет
көрсетілді

...КӨКӨНІС ҚОЙМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Облыс орталығында үде­ме­лі индустриялық-иннова­ция­лық даму мемлекеттік бағ­дарламасы ая­сын­да сыйымды­лығы 3 000 тон­на­лық алты сек­циялы жаңа көк­өніс кой­ма­сы пайдалануға берілді. Құ­рылыс нысанын салған «Ки­лико-Тун» ЖШС директоры Бауыржан Айтмұхамбетовтің ай­туынша, көкөніс қоймасы тоңа­зыт­қыш, желдеткіш құ­рал-жаб­дық­тармен, микроклимат жасау, қашықтықтан бас­қа­ру, сұрыптау, орау тех­ни­каларымен, транспортерлермен жарақтандырылған. Көкөніс қоймасын пайда­лану­ға беруге 235,0 миллион теңге инвестиция жұмсалды. Мұнда 13 жұ­мыс орны ашыл­ды. Қазір қой­маға 1500 тонна пияз, 600 тонна картоп сақ­тауға қойылды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы. * * * ...ӘКІМГЕ ЖҰМЫС КӨП Нұрлан Күлжан облыс әкі­мі Бақытжан Сағынтаевтың өкі­мі­мен және аудандық мәс­лихаттың келісімімен Қашыр ауданының әкі­мі болып та­ғайындалды. Нұр­лан Мұқа­тай­ұлы баянауылдық, Семейде оқыған, әскер қатарында болған, ауылда еңбек еткен. Бір сөзбен айтқанда, әбден ысылған, өмір көрген жігіт. Мемлекеттік басқару орын­дарында жұмыс істеген, Президент Әкімшілігі Ұй­ым­дастыру жұмыстары бөлімінің сарапшысы болған. Бес жыл Екі­бас­тұз қаласы әкімінің орын­­ба­сары қызметін атқарды. Ал Қашырда істейтін жұ­мыс­тар жеткілікті. Мәселен, Батпақ­көл ауылы жарықсыз отыр... Фарида БЫҚАЙ. Павлодар облысы. * * * ...ФИЛЬМНІҢ АТЫ – «СТУДЕНТТІК КЕЗ» Атырауда өткен жылдан бері жастарға арналған комедия жанр­ын­дағы фильм түсі­рілуде дегенді естіген едік. Таяуда «Студенттік кез» деп аталатын жаңа фильмнің тұ­сау­кесері өтті. Бұл – мұнайлы өңір жастарының қатысуымен және Атырау қаласында тү­сіріл­ген тұңғыш кинотуынды. Аталған комедиялық туын­ды­ның авторы – Таймас Са­па­ралы. Ол фильмнің сценарийін өзі жа­зып­ты. Режиссерлікті өзі атқар­ған. Камераға да өзі түсіріп, мон­таж­ды да өзі жасапты. Осының бәрі 4 айда дайын болған. Фильмде негізінен студент жастардың өмірі қамтылатындықтан, оны «Студенттік кез» деп атапты. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ. Атырау.