Облыс әкімінің өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Жалағаш аудандық мәслихатының келісімімен Жалағаш ауданының әкімі лауазымына Сәрсенбаев Қайратбек Әубәкірұлы тағайындалды.
Қ. Сәрсенбаев 1961 жылы туған. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «инженер-гидротехник», Қазақ ауылшаруашылық институтын «ауылшаруашылық кәсіпорындардың ұйымдастырушысы-экономист», Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «экономист-бухгалтер» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1983 жылы Сырдария аудандық суландыру жүйелері басқармасының инженері ретінде бастаған. 1986-1996 жылдары Сырдария аудандық комсомол комитетінде, Халықтық бақылау комитетінде және Халық депутаттары аудандық кеңесінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 1996-1999 жылдары «Қазагропромбанк» акционерлік қоғамы Сырдария аудандық бөлімшесінің басқарушысы, Сырдария ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Қызылорда облысы әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі.
1999-2014 жылдары Сырдария ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысының қаржы басқармасының басшысы. 2014 жылдың мамыр айынан бастап осы кезге дейін Шиелі ауданының әкімі қызметін атқарып келді.