• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қаржы 01 Қараша, 2017

1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымы өзгереді

482 рет
көрсетілді

1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымы да өзгереді. Бүгінгі күнгі мөлшер – 24 459 теңге. Зейнатақы жүйесіне енгізілетін өзгерістер туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова айтып берді. 

Құрылымның өзгеруі оның мөлшерін 16 пайызға арттыруға мүмкіндік береді. Еске сала кетейік, қазіргі таңда азық-түлік себетінің ішкі арасалмағы 60-та 40 пайыз. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, мұнда азық-түлікке жатпайтын бөлік ұлғайтылып, сәйкесінше 55-те 45 пайыз болады. Нәтижесінде, келер жылдың 1 қаңтарынан бастап төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері – 28 284 теңге болады.

Вице-министрдің айтуынша, барлық уақытта жинақталған зейнетақы төлемдері инфляция деңгейінен 2 пайыз артығымен төленіп отырады. «Өткен жылдары ресми статистика бойынша, инфляция деңгейі 7 пайыз болса, біз зейнетақы көлемінің индексациясын 9 пайызбен есептедік».

Жалпы алғанда, жаңа жүйе енгізілгенде қоғамда «қанша көп еңбек етсең, сонша көп зейнетақы аласың» деген ұғым қалыптасады.