• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
01 Қараша, 2011

Жетістіктермен таныстырды

267 рет
көрсетілді

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бас ғимаратының мәжіліс залында «Ремлокомотив» АҚ ұлттық ком­пания­сы шетелдік әріптестерін Тәуелсіз Қазақстан Рес­пуб­ликасының жетістіктерімен және ірі индус­трия­лық бағдарламалардың іске асу барысымен та­ныстырды. «Сименс», «Тальго», «Альстом», «Ансальдо» ком­па­ниялары «ҚТЖ» ҰК» АҚ-пен бірлесіп Қазақстанда жо­лау­шылар вагонын және локомотив құрастыру зауыт­та­рын, ел темір жолына қажетті электрмен жабдықтау, белгі беру және байланыс құралдарын шығаратын кәсіп­орын­дарды салуда. Шетелдік инвесторлар әрі технологиялық жетекші компаниялар Қазақстанның қонақтары ғана емес, ҚТЖ-ның индустриялық-инновациялық бағдарлама­ны жүзеге асырудағы сенімді әріптестері болып табылады. Шетелдік компаниялардың өкілдері «Тұлпар-Тальго» ЖШС өндірістік директоры Д.Гомесу, «Ансальдо» компа­ния­сының жоба менеджері Т.Бухунасу, «Альстом Холдинг» аймақтық бизнес-директоры К. Любэ және тағы басқалар еліміздің егемендік алған жылдар ішіндегі табыстарын айтты. Қонақтар республика Астанасының халықаралық аренадағы беделі мен болашақтың өндірістік ірі жобаларын жасаудағы жетістіктеріне де риза болды. «Егемен-ақпарат».