• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
01 Қараша, 2011

Жаңа трактор шығарылуда

501 рет
көрсетілді

Семейде «СемАЗ» деп аталатын зауыт бар. Кезінде ол автобус шығарумен айналысқан-ды. Әлемдік дағдарыс екі бүйірден келіп қысқан соң бұлардың автобустары өтіңкіремей тұрып қалған. Сонсоң атал­ған кәсіпорын сипаты бүтіндей өзгеріп, енді мұн­да «Беларусь» тракторы шығарыла бастаған. Яғни, бұлар қол қусырып қарап отырмай Минскінің трактор зауытымен байла­ныс­қа шыққан. Сөйтіп, атал­ған трактор түрі осында құрастырыла бастаған. Ал содан бері де екі-үш жыл өте шығыпты. Осы мерзім ішінде мұндай трак­тордың екі-үш түрін шығару жолға қойылды. Бұрнағы жылы Елбасы Се­мейге келген сапарында соның оншақтысын көп балалы фермерлерге сыйға тартқаны да есімізде. «СемАЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі енді міне, биылғы жылы «Ел Тәу­елсіздігінің 20 жыл­ды­ғы­на – 20 жарқын іс» акциясы аясында «Беларусь 3022дц.1» деп аталатын жаңа трактор түрін шы­ғаруды қолға алған. Мереке қарсаңында сол игілікті шаруа өз шешімін тауып отыр. Соның айғағындай, ал­ғашқы тракторлар шаруа қожалықтарына жөнелтіліп үлгерілді. Жаңа тракторға 300 аттық күші бар неміс өндірісінің двигателі орна­тылған. Оның өзі жанармай үнемдеуге жол ашып отыр. Жаңа трактор күніне 60 гек­тарға жуық жерді өңдеуге күш-қуаты артығымен жетеді. Осы орайда оған егіс алқабын өңдейтін техни­ка­ның қай-қайсысын бол­сын тіркеуге болатын­ды­ғын айта кеткен жөн. Трак­тордың автоматты түр­де басқарылатындығы, сало­ны­на қолайлы желдеткіш орнатылғаны өз алдына. Еліміз жыл өткен сай­ын астықты державаға ай­на­лып келе жатқан шақта ауылшаруашылық техни­ка­сы қаншалықты қажет екендігі айтпаса да түсі­нікті. Сондықтан сері­к­тес­тік­тің Тәуелсіздік мерекесі алдындағы бұл тал­пы­ны­сын құптамасқа бол­майды. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ, Семей.