• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Қараша, 2017

Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі құрылды

637 рет
көрсетілді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры Айжан Есмағамбетова айтты.

Ол 2016-2019 жылдарға ар­нал­ған «Денсаулық» мемлекет­тік бағдарламасының басым ба­ғыттарының бірі – қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құ­ру екенін атап өтті. Оны құру­­дың мақсаты қоғамдық денсау­­лық сақтау мәселелері бойын­­ша мүдделі тараптардың күш-жі­герлерін біріктіру болып табы­ла­ды. Қоғамдық денсаулық сақ­тау жүйесінің міндеті ау­ру­дың алдын алу және қо­ғам­ның денсаулығына мемлекет пен халықтың ортақ жауап­кер­­ші­лігін арттыру болып табылады.

«Соңғы жылдары Қазақ­станда созылмалы инфекция­лық емес ауруларды диагнос­ти­ка­лауға және емдеуге шығын­дар­дың өскені байқалады. Бұл мемлекеттің денсаулық сақ­тауға бағытталған барлық шы­ғын­дарының 95-96 пайызын құрайды, ал профилактикаға 3 пайыз ғана жұмсалады. Осы­ған байланысты, күнделікті әдет­­терді қалыптастыру мақ­сатын­да әр қазақстандық үшін өмір­дің сапасы мен ұзақ өмір сүру­дің кепілі болатын тиімді шара­лар қабылдау қажет. Осы ша­раларға қоғам көбірек қара­жат жұмсауы керек. Сол кезде мемлекет пен халық ауруларды емдеуге аз қаражат жұмсайтын болады», деп атап өтті А.Есмағамбетова.

Сондай-ақ 2016 жылы ДДСҰ сарапшыларымен бірлесіп қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі қызметінің өзін өзі бағалауы жүргізілгенін хабарлады. Зерттеудің нәтижелері күшті және әлсіз тараптарды айқындады. Толық заңнамалық және нормативтік базаның болуы, «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы, мемлекеттік қаржыландыру және профилактикалық іс-ша­ра­лардың іске асырылуы қоғамдық денсаулық сақтау мә­селелерінде жетістіктерге жетуге мүмкіндік бергенін мәлімдеді.

«Жүргізілген бағалаудың нәтижелерін, сондай-ақ қоғам­дық денсаулық сақтау мәсе­ле­лері бойынша мүдделі тарап­­тардың күш-жігерлерін бірік­тіру қажеттілігін ескере оты­рып, осы жылы Қоғам­дық ден­саулық сақтау қызме­ті құ­­рыл­ды. Денсаулық сақтау ми­нис­тр­лігінің және бар­лық өңір­­­лердің денсаулық сақтау бас­­қар­ма­ларының құры­лым­дық бө­лімшелері құрылды. Қыз­­­­мет­тің жұмысы сәбилерді вак­­ци­­­на­­циялау мен мектеп ме­ди­ци­­на­сынан, сау мінез-құлық­­­тан, экологиялық қауіп­сіз­дік­тен, жастар мен ересектер ара­сында еңбек гигиенасынан бас­тап тамақтануды оңтайлан­дыру мен қарт адамдарда со­зылмалы дегенеративті аурулар­дың алдын алуға дейінгі өмір­дің барлық кезеңіне бағыттал­ған. Мұның барлығы қазақстан­дық­тардың өмір сүру ұзақтығын ұлғайту және тұрмыс сапасын жақсарту бойынша Елбасының қойған міндеттерін орындауға бағытталған», деді ол.

Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан»