• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
04 Қараша, 2011

Жиырма жылдыққа тарту

280 рет
көрсетілді

Еліміздің келешек көкжиегін кеңейтіп, ой-өрісі дамуын орнық­ты­рудың түпкі тіні – оның рухани әлеуеті деңгейіне тікелей байла­ныс­ты. Осы ретте елдің ертеңімен еншілес, бүгінгісімен бекем бай­ла­на­тын ақпарат айдынындағы басы­лым­дар қатарында «Егемен Қазақ­станды» айрықша атаған болар едім. Өйткені, оның ең басты мақ­саты – елді әрекеге емес, берекеге шақыратыны, әр нәрсені желпілдетпей, желпіндірмей, ұстаным­ды­лықпен, салиқалылықпен, ұлттық, елдік мүдде тұрғысында жеткізуінде. «Бағалағанға бақ қонады, қаді­рі­не жеткенге құт қонады» деген. «Егемен» Ел­ба­сының, еліміздің салиқалы да сарабдал саясатын, әсіресе, тәуелсіздік алғалы қол жеткізген жетістіктерімізді, толымды табыстары­мыз­ды ор­нық­ты көрсетуде өзіндік бет бейнесін көрсете алған ба­сылым. Қазір баспасөзге жазылу жүріп жатқан нау­қан кезінде осы ойға үндестік пен қолдау-демеудің мәні тіпті зор деп ойлаймын. Өйткені, жоғарыда айт­қанымдай, баспасөз рухани бай­лықтың көзі, қоғам­дық пікірдің қозғаушы күші. Болашаққа халықты жұмылдырудың пәр­мен­ді тұтқасы. Оның үстіне биылғы науқан ел егемен­дігінің жиырма жылдық торқалы тойымен қабат келуде. Ал біздің халқымыз ата-бабамыз армандап, қол жеткізген егеменді­гіміз­дің, еркін­дік­тің бағасын жақсы біледі, түсінеді, қадір­лейді. Қараңызшы, Қазақстан небәрі жиырма жылдың ішінде адам айтса нанғысыз жетістіктерге, бедел-абыройға ие болды. Басқа­сын айтпағанда, бір ғана атқа­рыл­ған іс-шара – Елбасының төл перзенті атанған Сарыарқаның төсін­де, ерке Есілдің жағалауында Қа­зақстан тәуелсіздігінің жарқын көрінісі, дәлірек айтсақ, таза жемісі, егемен елдің айбыны мен айбарына айналған Астанамызды алыңызшы. Досымыз қарап сүйі­не­тіндей, дұш­панымыз қарап күйі­нетіндей. Қашанда «газет сөзін мың күн­дікке» бағалайтын осы басылымның байырғы тұрақты оқырмандары – со­ғыс және еңбек ардагерлеріне, бас­қа да әлеуметтік жа­ғынан қорғалуға тиіс ағайындарға құрметім әр­дайым шексіз. Өйткені, олар бұған әбден лайық. Сон­дықтан да жыл сайын 200 дана жаздырып беретін дәстүрлі демеушілік жасауды биыл да жалғас­тырып отырмын. Алайда, ел тәуелсіздігінің жиырма жылдық торқалы тойына орай бұл санды 300-ге жеткізуді өзімнің азаматтық борышым санадым. Келесі жылға жазылу науқанына дейін ел аман, жұрт тыныш, амандықпен қауышуға жазсын, бү­гін­де шапқан аттың қарқынымен қарыштай дамып келе жатқан Қазақстанымыз өркендей, гүлдене берсін. Болат НАЗАРБАЕВ, «BN Сonsulting»  компаниясының президенті.
Соңғы жаңалықтар