• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Желтоқсан, 2017

Тамара Шимер: Президент саясаты – бейбітшілік пен келісім кепілі

560 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық ететін Қазақстан халқы Ассамблеясы республикада бей­бітшілік пен келісімді нығайту мақсатында өз бастамасымен құрылған бірегей институт. 

ҚХА Мемлекет басшысының бағытын қолдап, елімізде тұрақтылықты сақтау мақсатында тиімді жұмыс істеп келеді. Халықтар бірлігінің қазақстандық моделі – көптеген шет мемлекеттерге үлгі боларлық әрі республиканың дамуына бастайтын ерекше бастама. 

Президентіміз таңдаған бағыт тамыры тереңге жайылған тарихымыз бен халқымыздың өткенін заманауи жағдайға бейімдей отыра, елімізді қарыштата дамытып келеді. Нұрсұлтан Назарбаев өзі жасаған шешімдер мен бастамаларды әрдайым ақылға салып отырады. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ол рухани және мәдени құндылықтарымызды сақтау мен дамытудың ерекшеліктерін атап көрсетті. Халықтың тарихы және мәдениеті сақталмаған жағдайда, оның заманауи жағдайға бейімделе алмайтыны белгілі. Көреген тұлғаларды тәрбиелейтін, мемлекеттің одан әрі дамуына кепіл болатын мәселе рухани құндылық екені анық. 

Біз, Қазақстан халқы, Президентімізге сенеміз және оның көреген, сындарлы шешімдері үшін алғыс айтамыз. Елбасының сарабдал саясатының нәтижесінде біз бүгінде бейбіт өмір сүріп отырмыз. Татулығымыз берік. Мемлекет басшысы анықтап берген басымдықтарға сүйене отырып, біз барлық күш-жігерімізді елдің дамуы үшін және ұлттық бірегейлігімізді сақтау мақсатында жұмылдырамыз. 

Тамара ШИРМЕР,  Астана қалалық «Оберег» украин қоғамы» ҚБ төрайымы