• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Желтоқсан, 2017

Мектептер 2020 жылдан бастап жаңа жүйеге өтеді

481 рет
көрсетілді

Енді ұстаздар еңбегіне қарай жалақы алатын болды. Мұға­лім­нің оқушымен өткіз­ген әр сағаты төленеді. Ол білім беру­ді жан басына қаржы­лан­дыру жүйесі арқылы жүзеге асы­рыл­мақ. Бұл жоба 2012 жылдан бас­тап қолға алынды. Ал 2013 жы­лы қанатқақты жоба ретінде таң­даулы мектептерде енгізіле бастады.

Енді ұстаздар еңбегіне қарай жалақы алатын болды. Мұға­лім­нің оқушымен өткіз­ген әр сағаты төленеді. Ол білім беру­ді жан басына қаржы­лан­дыру жүйесі арқылы жүзеге асы­рыл­мақ. Бұл жоба 2012 жылдан бас­тап қолға алынды. Ал 2013 жы­лы қанатқақты жоба ретінде таң­даулы мектептерде енгізіле бастады. Қазіргі кезде олардың саны 73 білім ордасын құрап отыр. Жан басына шаққандағы қаржыландыру жобасы енгізілген мек­­тептердің ішінде Алматы об­лысы Тал­ғар қаласындағы №5,14,16,49 мектептері бар.

Дәл осы мектепте Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асы­лованың қатысуымен «Орта білім беруді жан басына қар­жыландыру» жобасының тұсау­кесері өтті. Сондай-ақ таныс­тырылымға «Қаржы орта­лы­ғы» АҚ президенті Асқар Иб­рагимов және Алматы облысы Талғар қаласы мектептерінің директорлары қатысты.

«2020-2021 жылдан бас­тап елдегі барлық толық жаб­дық­талған мектептер жан басына қаржыландыру жүйесіне өтеді. Себебі біз мектептердегі әдістемені бірізді етуіміз керек. Мәселелер болса, шешу жолдарын қарастыру керек. Сондықтан Талғар ауданы мектептерінің ұжымымен кездесу өткізіп жатырмыз», деді вице-министр Бибігүл Асылова.

Ал жалпы жобаны енгізудің негізгі алғышарттары мыналар: мұғалімге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі, яғни ұстаздың жұмыс өтіліне, категориясына қарамастан оның барлық білім беру қызметінде үздік нәтиже­лер көрсеткені үшін сыйақы төлеу; бұдан мұғалім өз еңбегі­нің шынайы бағаланаты­нын көре­ді; жан басына қар­жы­лан­дыру мектепке жас, дарынды мұғалімдерді тартуға мүмкіндік береді. Мұғалімдерге өзін-өзі дамытуға мүмкіндік туады. Сондай-ақ жан басына қаржыландыру жобасы енгізілгенге дейін сапа жөнінде директор күресетін болса, енді мектеп әкімшілігі де сапаны арттыруға атсалысады.

Жобаны таныстырған «Қаржы орталығы» АҚ прези­денті Асқар Ибраимовтың айтуын­­ша, бұл жобаны енгізбес бұ­­рын халықа­ралық тәжірибе­лер қара­­с­ты­рылған.

Сондықтан мұны жаңа жүйе емес, білім беруде жасалып отырған жаңа қадам деп атау керек. Себебі бұл жоба әлемде танымал­дық­қа ие. «Жобада мұғалім өзінің еңбекақысына байланысты қан­дай айырмашылық болғанын көре­ді деуге болады.

Мектептің қам­қоршылар кеңесі де жұмыс­қа белсенді кірісіп, директор­дың мұғалімдер туралы талдауына қызығушылық таныта бастады. Тіпті мектептер арасында бәсекелестік пайда болады және әркім жетістікке жетуге талпынады. Әр мұғалім жаңа нәтижеге жетуге мотивация алады» дейді Асқар Ибраимов.

Ал Талғар қаласындағы №49 мектептің директоры Алмагүл Асанова болса алғашқы жылдары жобаны бірден бастап кету қиын болғанын айтады. Себебі алғашында миллиондаған қаржы бөлінгендіктен, оны орнымен жұмсау басты міндет болған.

«2013 жылы жоспарды орындау мақсатында мектептегі жетістіктер ескеріле отырып, 24 мұғалімге қосымша ынталандыру сыйақысы берілді. Бұған қалған мұғалімдердің де қызығушылығы артты. Себебі қосымша қаржы ешкімге артық болмайды.

Осы­лай ұжымдағы ұстаздардың шығар­машылығы арта бастады», дейді Алмагүл Асанова. Расымен де оқушылардың білім деңгейі артып, түрлі олимпиадалар мен спорт­тық жарыстарда жүлделі орын­дарға ие бола бастаған. Алға­шында жаңашылдыққа үрей­­мен қараған ұстаздар жаңа жоба­ның тиімді тұсына әбден көз жеткізген.

 

Гүлжазира САЙЛАУОВА