• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
08 Желтоқсан, 2017

ҚХА Қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық форумы өтті

223 рет
көрсетілді

Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық форумы өтті. 

Жиында мемлекеттік міндеттерді және халықтың өзекті мәселелерін шешуге Қоғамдық кеңес мүшелерінің белсенді қатысуын қамтамасыз ету мен қоғамдық бақылауды күшейту, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың өзекті мәселелері талқыланды. 

Сонымен қатар, қалалық, ауыл­дық деңгейлердегі және кәсіп­­орындардағы Кеңестердің жұмыс тәжірибелері қаралған басқо­суға ҚХА Төрағасының орын­­басары – Хатшылық меңге­ру­ші­сі Д.Мың­бай, ҚХА Төра­ғасы­ның орын­басары С.Виш­няк, Қазақ­стан Кәсіп­одақтары Феде­ра­циясының төр­ағасы Б.Әбдірайым, Парламент Мәжілісінің депутаттары мен ҚХА Кеңесінің мүшелері және ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңе­сінің мүшелері, мемлекеттік ор­ган­дардың өкілдері қатысты.

Алқалы кеңесте алдымен сөз алған ҚХА Төрағасының орын­ба­сары – Хатшылық меңгеру­шісі Д.Мыңбай ел ішіндегі Қоғам­дық кеңестердің қызметін оңтай­лан­дыру бағытындағы бірқа­тар мә­се­лелерге тоқталды. Олай дейтін себе­біміз, соңғы кездері көптеген аза­маттардың арыз-шағымы не­гізінде қаралатын істердің көр­сеткіші көңіл көн­шіт­пейді екен.

«Оның салдарын мынадай салыстырмалы деректерден де бай­қауға болады. Мысалы, Ақмола об­лысында өткен жылы 168 мәсе­ле аймақтағы Қоғамдық кеңес қыз­метінің араласуымен шешілген болса, биыл бар болғаны 83 қана іс тал­қыланған. Мұндай көрсеткіш Ақ­төбе облысында өткен жылғы 415-тен 276-ға бір-ақ түскен. Сол сияқ­ты Алматы облысында 540-тан 409-ға, Атырауда 90-нан 55-ке, Сол­түстік Қазақстанда 112-ден 99-ға дейін азайып, Оңтүс­тік Қа­зақ­стан облысындағы көрсет­кіш­­тер 634-тен 278-ге дейін күрт тө­­мен­­деген. Осындай деректерге қа­рап отырып, Қазақстан халқы Ас­сам­блеясы жанындағы Қоғам­дық ке­ңестердің қызметін жоға­ры баға­лай алмаймыз», деді Д.Мың­бай.

Осылай деген ҚХА Төр­аға­сының орынбасары Қоғамдық кеңестердің араласуы тиіс мәсе­ле­лерді нақты мысалмен атап көр­сетті. 

«Мәселен, Президент Әкім­шілігіне Көкшетау қаласының ірге­сіндегі Красный Яр ауылы­ның тұрғыны аталған елді ме­кендегі аурухана мен емхананың сақ­талып қалуын сөз етіп, хат жазған. Өйткені, қайта құры­лым­дау нәтижесінде аталған меди­циналық мекеме жабылса, ауыл тұрғындарының қалалық емханаға тіркеліп, сандалуына тура келеді. Ал мемлекеттік органдар тарапынан азаматтарға тиісті деңгейде түсіндіру жұмыстары жүргізілмеген. Ақиқатында бұл мәселе аймақтағы Қоғамдық кеңес мүшелерінің араласып, айналысуы тиіс шаруа еді. Не себептен бұл жайт Кеңес қызметінің назарынан тыс қалған? Жергілікті атқарушы билік пен қалың бұқара арасында дәнекер болуы тиіс Кеңес мүшелерінің мұндай салғырттығын көптеп келтіруге болады», деді Д.Мыңбай.

Алқалы кеңес аясында осындай олқылықтардың алдын алу мен ел кейбір мәселелердің түйі­нін тарқатудың тетіктері талқы­ланды. Осы мақсатта «Қоғам­дық келісім» РММ мекемесі ар­қы­лы қоғамдық проблемалар­ды шешудің үш бағытта тип­тік төлқұжаты әзірленетін болды. Яғни, мәселенің мәні мен қа­был­дан­ған шешімдер және қол жет­кізілген нәтижелер бағы­тын­дағы жұмыстар қолға алынбақ. Сон­дай-ақ, Ассамблея Хатшы­лы­ғы өңір­лерде атқарылған шаруа­лар жайлы еркін кесте құру арқы­лы әр тоқсанды қорытын­дыламақ. 

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Б.Әбдірайым болса, қоғамдық мәселелерді оңтайлы шешу жолында медиация тәсілін кеңінен қолдануға басымдық беру қажеттігіне тоқталды.

«Кәсіби қызметтік міндетімізді атқару барысында немесе Қоғам­дық кеңес жұмысын жанданды­ру бағытында осы медиация тәсілі тиімді деп санаймын. Тұр­мыс-тіршілікте әр алуан пікір қай­шылығы болуы заңдылық. Сол сияқты, түрлі даулы мәселелер де туындап жатады. Осындай кездерде проблеманы ушықтырмай дер кезінде тараптарды татулас­тыра алсақ, онда бүгінгі қоғамды оң­тайлы іске ұйыта алған болар едік. Мейлі, ол отбасы, ошақ қа­сын­дағы шешімін табуды қажет ететін ұсақ-түйек түйткілдер болса да, біз оған немқұрайлы қарамауымыз керек», деді Б.Әбдірайым. Айта кетейік, жиын шең­бе­­рінде қатысушылар үшін «ҚХА Қоғамдық келісім кеңес­тері­­­нің қыз­метін жетілдіру» мен «Бар­лы­ғына арналған медиациялық тех­нологиялар» тренингі ұйымдастырылды.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ, «Егемен Қазақстан»