• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Хоккей 15 Желтоқсан, 2017

ҚХЛ жұлдыздары матчының 70%-ға жуық билеті сатылды

241 рет
көрсетілді

Лига жұлдыздары қатысатын айдындағы айқасы жанкүйерлер тарапынан көп қызығушылық танытуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Алда болатын матчтың билетінің тең жартысынан көбісі сатылып кетті, деп хабарлайды «Барыс» ХК баспасөз қызметінің жетекшісі Евгений Акманов команданы жаттықтыру кезінде. 

«Жұлдызды матчтың билетінің  70% сатылды. Билеттің бағасы 1500 теңгеден 10 000 теңгеге дейін барады», - деді Е.Акманов. 

«Жұлдызды хоккей апталығы» 10-14 қаңтарда астаналық «Барыс-Аренада» өтеді, онда 12 мың көрермен сыяды. Қазақстан мұндай іс-шараны өткізудің құқығын бірінші рет ұтып алып тұр». 

«Бұл Астанада ірі ауқымда өтетін оқиға және үлкен мақтаныш. Ресей, Беларусь, Латвия, Финляндия, Чехия, Словакия, Қытай хоккейінің топ-жұлдыздары бірінші рет Қазақстанға келмек. Сондықтан, жұлдызда апта -  жастар, қыздар, ерлер қатысатын жаңа форматта өтеді», - деп бөлісті ол.