• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Таным 21 Желтоқсан, 2017

Сан саланы қамтыған сүбелі туынды

425 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Тәуел­сіздік дәуірі» атты туындысы соң­ғы ширек ғасыр ішіндегі ел өмірінің бар­лық саласын қамтыған толымды дүние. 

 

1991 жылы елімізде жаңа тәуелсіздік дәуірі басталғаны белгілі. Тәуелсіздіктің арқасында еліміз көптеген саяси, экономикалық жетістіктерге қол жеткізді. Нарықтық қатынас­тарды дамыта отырып, Қазақстан өзіндік ұлттық экономикасын қалыптастырды. Осының барлығы Елбасы кітабында қамтылған. 

Бүгінгі таңда Қазақстанда бұрын-соңды болмаған мұнай-химия, автомобиль өнеркәсібі, темір жол, машина жасау, ІТ-технологиялар, ғарыштықспутниктік өндірістер құрылып, жемісті жұмыс атқарып келеді. Соңғы 4 жылдың ішінде 630 индустриялық жоба іске қосылды. Бұл Мәңгілік Ел болуды мұрат тұтқан Отанымыздың осы мақсат жолындағы іс-қимылының нәтижесі деп білеміз. 

Бүгінгі таңда Елбасының бастамасы бойын­ша әрбір қазақстандықтың өмір сүру дең­гейін арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдар­ламалар жүзеге асырылуда. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі, Тран­скаспий халықаралық көлік маршруты секілд­і бірқатар стратегиялық маңызды инфра­құры­лымдық жобалар қолға алынды. Соңғы төрт жылда 9000 балабақша, 400-ден астам орта мектеп, 600-ден астам денсаулық сақтау нысан­дары қолданысқа берілді. Осы ауыз толты­рып айтарлықтай жетістіктердің барлығы оңай­лықпен келген жоқ. Мұны Президенттің сарабдал саясаты мен дана басшылығының бүгінгі нә­ти­­жесі деп білу керек. Осы жолда еліміздің басы­­нан өткен, Елбасымыздың басшылығымен ше­ші­мін тапқан маңызды оқиғалардың барлығы жа­ңа кітапқа арқау болған. Ел тәуелсіздігінің тари­­хын, бағындырған белестерін білгісі келген әр­бір адам үшін жаңа кітаптың қызықты болары сөзсіз. 

Әріпхан САДЫҚОВ, экономика ғылымдарының докторы, профессор  Түркістан