• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
12 Қараша, 2011

Балабақша – баршаның мәселесі

574 рет
көрсетілді

«Бүгінгі таңда балабақша мә­се­лесі республика көлемінде кешенді түрде шешілуді қажет ететін өзекті мәселенің біріне ай­налды. Өйткені, мектепке дейінгі бала тәрбиесімен қамту бүгінгі күні 35 пайызды ғана құрап отыр. Оны 100 пайызға жеткізу «Балапан» бағдарламасының ал­ғы­шарты, негізі болмақ. Осы ба­лабақша мәселесі – өңірлерде сай­лаушылармен кездесулер өт­кіз­ген кезде жиі көтерілетін мә­селенің бірі болып табылады. Өйт­кені, Жамбыл облысы бо­йынша қазіргі таңда балабақша кезегінде 24000 бала тұр. Осы күндері Шу ауданында «Балапан» бағдарламасы шеңбе­рінде бірқатар жұмыстар атқа­рыл­ғанымен балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көр­сеткіші 17,8 пайызды ғана құрап отыр. Осы орайда, Шу қала­сынан 280 орындық балабақша құрылысына 488 млн. теңгенің жобалық-сметалық құжаттары да­йын­далып, мемлекеттік сараптамадан өткізіл­се, Төле би ауы­лынан салынатын 280 орындық балабақшаның жоба­лық-смета­лық құжаттары дайын­далу үстін­де. Ал бұрын балабақша болып, бүгінгі күнде басқа мақсатта пайдаланып отырған ғимарат­тарды қалпына келтіруде Бірлі­күстем ауылындағы 50 орын­дық балабақшаны қайта жабдықтау үшін 60,1 млн. теңгеге, Шу қала­сындағы №40 мектептің бұрынғы ғимаратын 180 орындық балабақ­ша жасау үшін 199,5 млн. теңгеге жобалық-сметалық құжаттар да­йын­далып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Жаңажол және Төле би ауылдарындағы ғимарат­тар жеке тұлғалардан сатып алын­ды. Аталған ғимараттарға күр­делі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құ­жаттар даярлануда. Жаңажол ауылындағы балабақша ғима­ра­тын күрделі жөндеуге 80,0 млн. теңге, Төле би ауылындағы бала­бақша ғимаратын күрделі жөн­деуге 115,0 млн. теңге қаржы қа­жет. Сондай-ақ, қазіргі кезде шешімін таппай отырған екінші мәселе, кейбір ауылдардағы оқу­шыларымыз өткен ғасырдың 40-60 жылдарында пайдалануға берілген ыңғайластырылған ғима­рат­тарда білім алуда. Атап айтқанда, Еңбекші ауылындағы мектеп ыңғайластырылған бө­лек-бөлек ғимараттарға орналас­қан. Сонымен қатар, Бәйдібек ауылын­дағы 150 орындық М.Мәметова орта мектебі 1961 жылы, Бөлтірік ауылында 150 орындық Ә.Мол­дағұлова орта мектебінің ғима­раттары 1940 жылы салын­ған. Аталған білім мекемелерінің ғима­раттарының апатты жағ­дайын ескере оты­рып, жобалау-сметалық құжат­тары жасалуда. Шу ауданы, Са­уытбек ауылын­дағы 1960 жылы соғылған 150 орын­дық Алға орта мектебіне жаңадан 150 орын­дық мектептің ғимара­тының құрылысын жүргізу үшін 406 млн. теңгеге жобалық-сме­талық құжаттары дайында­лып, мемлекеттік сараптамадан өт­кізілді. Осыған байланысты, Білім және ғылым министрі Б.Жұма­ғұловтан Жамбыл облысы, Шу ауданы білім беру мекемелерінің құрылысын жүргізуге қосымша қаржы бөлуге көмек көрсету сұралды. Әмзебек ЖОЛШЫБЕКОВ, Мәжіліс депутаты.