• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
12 Қараша, 2011

Ынтымақтастыққа ынталылық

302 рет
көрсетілді

 Кеше Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар жөніндегі жоғарғы комиссары Кнут Воллебекпен кездесті. Кездесу барысында тараптар этносаралық қатынастар мен аз ұлттар құқығын қорғауды үй­лес­тіру саласындағы Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселесін әң­гі­ме өзегіне айналдырды. ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар ісі жө­ніндегі жоғарғы комиссарының қоғамды топтастыру бағы­тын­да­ғы ұстанымдары мынаған саяды. Мәселен, Жоғарғы комиссар ұсы­нысы негізінде Қазақстанда соң­ғы жылдары қоғамды одан әрі топтастыруға, этносаралық және конфессияаралық келісімді ны­ғай­туға, мемлекеттік органдар­дың этномәдени бірлестіктермен өзара іс-қимылының тиімді жүй­есін құруға, аз ұлттар тілдерінде білім жүйесін жетілдіруге бағыт­тал­ған бірқатар жобалар іске асы­рылған. Кездесу кезінде осы мәселелер сөз болды. Сондай-ақ, Қанат Саудабаев пен Кнут Воллебек Қазақ­стан­ның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға жемісті төрағалығы, Президент Нұр­сұл­тан Назарбаевтың көшбас­шы­лығы негізінде Астанада төзім­ді­лік пен кемсітпеушілік жөніндегі ЕҚЫҰ-ның жоғары деңгейдегі конфе­рен­циясы және ЕҚЫҰ-ның жаңа мың­жыл­дықтағы алғашқы Саммиті сынды маңызды тарихи оқиғалардың өткен­дігіне жан-жақты тоқталып өтті. «Біз бен сізді өзара тығыз әріп­тестік байланыс жібі байла­ныс­тырады. Сөз орайы келгенде мен біздің ЕҚЫҰ-ға төраға­лы­ғы­мыз кезінде қолдау көрсет­кен­де­ріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Бірлескен күш-жігеріміздің арқа­сын­да біраз жұмыстың басы қайы­рыл­ды. Солардың ең ма­ңыз­дысы – ол эт­нос­аралық және кон­фессияаралық келісім, аз ұлттар құқығын қорғау», – деді Қанат Саудабаев. Сондай-ақ, Мемлекеттік хат­­шы Елбасының көш­бас­шы­лы­ғы­мен Қазақстанның дүние жү­зіндегі жетекші ұйымға жемісті төрағалық еткеніне, ал бұл өз кезегінде еліміздің этнос­аралық қа­рым-қатынас саласындағы тә­жі­­ри­бесін жетілдіруге сеп бол­ға­ны­на тоқ­­тал­ды. «Қоғамды топтас­ты­руды негізге алған ұсыныс­та­ры­ңыз өз дең­гейін­де жү­зеге асы­рылып келеді. Сіздің Ас­танаға жасаған сапарыңыз да ынты­мақ­тастық тетігін одан әрі нығайта түседі деген сенімдеміз», – деді ол өз сөзінде. «Біз ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі кезінде Қазақстанмен тығыз бай­ланыста жұмыс атқарып, екі­жақ­ты, өңірлік және ұйым аясын­да­ғы мәселелерді талқыға салдық. Қазақстан Орталық Азияда өзінің орнын айқындап үлгерген ел. Біз сіздердің елдеріңізбен интегра­ция­лық салада байланыс орнатып келеміз. Қа­зақ­стан халқы Ассам­блея­сымен де ты­ғыз әріптестік­те­міз. Бұл ынтымақ­тас­тық бола­шақ­та да өз жалғасын табаты­ны­на сенім білдіргім келеді», – деді Кнут Воллебек журналистерге бер­ген сұхбатында. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.